Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет37/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 – 
убрать, посылать

послать, ходить –
хожу
. Демек, түбір құрамына енген жеке дыбыс немесе түбір құрамындағы 
дыбыстың түрленуі аффикстің қызметін атқарып тұр. Дегенмен, үндіеуропа 


62 
тілдері жүйесіне сыртқы флексия құбылысы да тән. Сыртқы флексия тәсілінде 
аффикстер сөз түбірінен кейін жалғанады: 
книга, книги, книге, книгу, книгой, о 
книге 
т.б. Алайда жоғарыда аталған семит-хамит және үндіеуропа тілдері 
жүйесіндегі аффикстің сөз түбірінің құрамына еніп, онымен бірге жымдасып, 
кірігіп кету ерекшелігіне сәйкес флективті (қопармалы) типті тілдерді 
құрайды.
 
Қосарлану тәсілі.
 
Екі сөздің бір-біріне қосарлануы не бір сөздің 
қайталануы арқылы грамматикалық мағынаны алуға болады. Қосарлану тәсілі 
түркі тілдері жүйесінде кең тараған, әрі сөйлеу тілінде жиі қолданылады. 
Мысалы: 
қып-қызыл алма, мая-мая шөп, саба-саба қымыз, үлкен-үлкен 
тастар 
т.б. Мұндағы грамматикалық формалар көптік, әрі күшейткіш 
мағынасын үстеп тұр.
Көмекші сөздер тәсілі

Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші 
сөздерде болатындығы белгілі. Мәселен, 
жаз+у+ға келдім, жаз+ғалы
отырмын 
дегенді 
жазу үшін келдім 
деп те айтуға болады, яғни мұндағы 
мақсаттық 
мағынаны 
не 
аффикстердің 
(барыс
септігі, 
көсемшежұрнағы) қызметімен, не көмекші сөздердің қызметі менде беруге 
болады. Көмекші сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін 
мағыналары да алуан түрлі. Көмекші сөздердің бірі ретінде жалғаулықтар сөз 
бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады 
(тыңдайық та қайтайық); 
септеуліктер сөйлем мүшелерінің бағыныңқылық қатынасын білдіреді 
(үйге 
дейін, жұмыстан соң);
демеуліктер негізгі сөзге сұрау, шектеу, күшейту, 
күдіктену мағынасын үстейді 
(барды ма? Сен ғана, келмеді-ау, сөзің сөз-ақ 
екен, айтыпты-мыс). 
Көмекші етістіктер негізгі етістіктерге тіркесіп, түрлі 
грамматикалық мағыналарды иеленеді. Мысалы: 
айта берді, сөйлеп жатыр

істің созылыңқылығын, 
айта қойды, селк ете түсті
– істің тездігін, шапшаң 
орындалғанын білдіреді. Сол сияқты көмекші сөздер тәсілі роман және герман 
тілдерінде қолданылатын артикльдер белгілілікпен белгісіздік, жекеше және 
көптік мағынасын, сондай-ақ тек (род) категориясын бір-бірінен ажырату
үшін қолданылады. Мәселен, ағылшын тілінде 
tһе compass
−белгілілік, 
a/an 
compass
– белгісіздік мағынасын иеленеді. 
Екпін тәсілі. 
Тілдегі екпіннің жылжымалы түрі грамматикалық тәсіл
ретінде қызмет атқарады. Екпіннің бірінші буыннан келесі буынға жылжуы 
орыс тілінде лексикалық және грамматикалық мағынаның туындауына әкеледі. 
Егер екпін мука сөзінде бірінші буынға түссе, «қайғы, мұң» мағынасын 
білдіреді, екінші буынға түсіп «ұн» деген жаңа лексикалық мағынаны 
иеленеді. Окна сөзінде екпін бірінші буынға түссе жекеше, екінші буынға түсіп 
көптік мағынаны иеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет