Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет73/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

 
♦ Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
Категориялды жағдаят дегеніміз не?
Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз не? 
Семантикалық категориялар жайлы түсінік беріңіз. 
Функционалды грамматиканың зерттеу нысаны, зерттеу обьектісі не? 
Ұғымдық категория мен семантикалық категорияның байланысы неде? 
 
3.3 Қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы 
 
Жоспар: 
1 Компьютерлік лингвистика: даму тарихы және қалыптасуы.
2 Корпустық лингвистика – қазіргі қазақ тіл білімінің жаңа бағыты. 
3 Мәтін корпусы және сөздіктердің «Тіл ‒ Қазына» ұлттық компьютерлік 
қоры. 
1 Компьютерлік лингвистика: даму тарихы және қалыптасуы.
Қазіргі 
кезде қоғамның барлық салаларында жаңа ақпараттық технологияларды 
қолдану өзекті мәселеге айналып отыр. 
Қазақ тіл білімінің жаңа саласы ретінде қолданбалы лингвистиканың 
зерттеу бағыты мен салалары қалыптасып, даму үстінде. Қазақ тіл 
ғылымында қолданбалы лингвистиканың теориялық және практикалық 
негізінің қалануына Қ.Жұбанов, Қ.Бектаев, А.Жұбановтар көп еңбек сіңірді. 
А.Жұбанов өз еңбектерінде қазақ тіліндегі мәтіндерді автоматты түрде 
электронды-есептеу машиналары арқылы статистикалық әдіске сүйене 
отырып, қазақ мәтіндерінің мазмұнын формальдау жолдарын қарастырады. 
Сондай-ақ, қазақ тіл білімінің қолданбалы мәселелері бойынша Ә.Болғанбаев, 
Ш.Дәулетқұлов, С.Байзақов сияқты тілші-ғалымдар өз зерттеулерін жүргізді.
Қолданбалы лингвистика ХХ ғасырдың 20-жылдары ғылыми пән ретінде 
негізін қалады. Инновациялық компьютерлік технологияның қолданбалы 
лингвистика аясында дамуы 
компьютерлік лингвистика, инженерлік 
лингвистика, квантативті лингвистика, комбинаторлық лингвистика, 
корпустық 
лингвистиканың
қалыптасуына 
әкелді. 
Лингвистикалық 


115 
әдебиеттерде бұл ғылым салалары бір-бірімен теңестіріліп қарастырылады
алайда әрбір пәннің өзінің зерттеу мақсат-міндеттері мен әдіс-тәсілдері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет