64
- грамматикалық мағыналардың парадигмалық түрлену жүйесін құрауы тиіс;
- грамматикалық мағына өзара қайшылыққа негізделгенмен, екі я одан да көп
мәндес мағыналар жиынтығынан түзілуі тиіс.
Кез келген грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық категорияның
құрамында болады. Тіл-тілде грамматикалық категориялардың көптік, септік,
род, жақ, шақ, рай, етіс, вид категориялары кездеседі.Белгілі бір
грамматикалық категорияның дүние жүзіндегі барлық тілде болуы шарт
емес. Ол грамматикалық категория бір тілде болғанымен, екінші тілде
болмауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде бір вид (совершенный вид,
несовершенный вид) категориясы неміс, француз тілдерінде кездеспейді,
сондай-ақ түркі тілдері жүйесіндегі тәуелдік категориясы славян
тілдерінде жоқ. Грамматикалық род категориясы орыс, неміс, француз
тілдерінде бар, бірақ ол ағылшын тілі мен түркі тілдерінде ұшыраспайды.
Грамматикалық категориялар морфологиялық және синтаксистік
категориялар болып бөлінеді.
Ескерту: Сөз табы жүйесіне тән грамматикалық категориялар туралы
толық мәліметтерді әдебиетер тізімінде көрсетілген еңбектерден қарауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: