71
А.Бабенко, Ю.Казарин «Лингвистический анализ художественного текста»
атты еңбегінде мәтін талдаудың
лингвоцентристік және
антропоцентристік
түрлерін көрсетеді. Лингвоцентристік тәсіл ̶ мәтінді талдаудың дәстүрлі тәсілі
саналады. Лингвоцентристік тәсілдің нысаны - тіл және мәтін.
Лингвоцентристік тәсіл көркем мәтіннің фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық, стилистикалық бірліктерін қарастыруға негізделеді.
Антропоцентристік тәсіл –мәтіннің интерпретациясына байланысты автор
позициясы мен оқырман позициясы қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану
төмендегідей бағыттарға бөлінеді:
- прагматикалық (А.Баранин);
- жанрлы-стильдік (М.Бахтин, М.Кожин);
- танымдық тәсіл (В.Дейк, Т.Виноградов);
- деривациялық (Е.Кубрякова, Л.Мурзин);
- коммуникативтік (Г.Золотова, Н.Болотнова);
- психолингвистикалық (Л.Выготский, А.Леонтьев).
Танымдық тәсіл –соңғы он жылдыкта ғылыми парадигманың ізімен алдыңғы
орынға шықты. Мұнда тіл әлемнің тілдік бейнесі ретінде қаралады. Нысаны:
автор –мәтін –мәтіннен тыс болмыс (10, 114). Психолингвистикалық аспект
тұрғысынан алғанда, мәтін – адамның сөйлеу әрекетінің нәтижесі.
Психолингвистердің мәтін лингвистикасына қатысты назар аударатын
мәселесі – мәтінді қабылдаумен түсіну әрекеті. Мәтін психологиялық жағынан
өзіндік табиғатына сай адамның ойына бағытталады және осы қасиеті негізінде
оқырман өз таным-түйсігіне қарай қабылдайды. Г.Смағұлова: «Егер мәтін
адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін лингвистикалық
мағынамен қатар ұғымдық категориялармен бірге (грамматика, логика),
онтологиялық (философиялық) категориялар менде байланысты болады», –
дейді (11,45). Прагматикалық аспектіден мәтін авторының обьективті
болмыспен мазмұнға қатынасы сипатталса, онтологиялық тұрғыда ̶ мәтіннің
болмысы, алатын орны қарастырылады. Г.Әбікенова мәтін типтерін
төмендегідей жіктеп көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: