Қоректену. Заттардың тасымалдануы



Дата23.12.2022
өлшемі15,53 Kb.
#59290
Байланысты:
СОӨЖ 6 БОӘ Оразақұл А


СОӨЖ 6 8 сынып биология оқулығына талдау жасау (Кесте дайындау)
Орындаған:Оразақұл Аида ХБ-19-1
8-сынып биология оқулығында 14 бөлімен тұрады:
1)Жасушалық биология.
2)Молекулалық биология.
3)Тірі ағзалардың көптүрлілігі,
4)Қоректену.
5)Заттардың тасымалдануы.
6)Тыныс алу .
7)Бөліп шығару.
8)Қозғалыс.Биофизика.
9)Координация және реттелу.
10)Көбею.
11)Өсу және даму.
12)Тұқыым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары,
13)Биосфера,экожүйе,популяция.
14)Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.Соңғы жағында зертханалық жаттығу сабақтары бар.





Бөлімдер

Бөлімдер туралы

1 -бөлім

Жасушалық биология.

Бұл бөлімде 2 параграфты қамтиды.Жасушалық биология –бұл бөлімде жасуша,жасушалық мембрана,эукариодтар,рибосомалар,лизосомалар,гольджи т.б және де өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеу туралы берілген.

2-бөлім

Молекулалық биология

Бұл бөлімде молекулалық биологияда 3 параграфты қамтиды.Жасушаның органикалық заттары,көмірсулар мен липидтер,нәруыздар осылардың қасиеті мен қызметі туралы берілген,

3-бөлім

Тірі ағзалардың көптүрлілігі.

Бұл бөлімде 4 параграфты қамтиды.Тірі ағзалардың көптүрлілігі .Яғни өсімдіктер,балдарлар,мүктер,қырықжапырақтәрізділер,ашық және жабықтұқымдылар,саңырауқұлақтар,даражарнақты қосжарнақты,жануарлар ерекшеліктерін сипаттау.

4-бөлім

Қоректену

Бұл бөлімде 6 параграфты қамтиды.Қоректену дегеніміз-барлық тірі ағзаға тән қасиеттердің бірі.Ағзаға түскен заттардың өзгеріске ұшырауы.

5-бөлім

Заттардың тасымалдануы

Бұл бөлімде 9 параграфты қамтиды.Заттардың тасымалдануы-тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.Ағзалардың ішкі ортасы және оның маңызы,Қанның құрамы мен қызметі т,б.туралы.

6-бөлім

Тыныс алу

Бұл бөлімдде 3 параграфты қамтиды.Тыныс алу дегеніміз-ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс.

7-бөлім

Бөліп шығару

Бұл бөлімде де 3 параграфты қамтиды.Бөліп шығару- тер арқылысу,аммиак,несепнәр,минералды тұздар мен басқа заттар шығарылады.

8-бөлім

Қозғалыс,Биофизика

Бұл бөлімде 7 параграфты қамтиды.Қозғалыс-дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын,қозғалысын білдіреді. Биофизика (көне гр. βίος — өмір, φύσις — табиғат): биологиялық физика — тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.

9-бөлім

Координация және реттелу

Бұл бөлімде 7 параграфты қамтиды.Координация және реттелу-көру мүшесі,есту мүшесі,адам денесінің рецепторлары,гормондар т.б.оқытылады.

10 -бөлім

Көбею

Бұл бөлімде 4 параграфты қамтиды.Көбею- барлық тірі организмдердің өсіп өнуін белгілі бір түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс

11-бөлім

Өсу мен даму

Бұл бөлімде 1 ғана параграфты қамтиды.Өсу және даму- әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады.

12-бөлім

Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары

Бұл бөлімде 4 параграфты қамтиды.Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары-тірі ағзаларға тән ортақ қасиет.Тұқымқуалаушылық-тірі ағзалардың ата аналарына ұқсау қабілеті.Өзгергіштік-тірі ағзалардың өз ата аналарынан ерекшелену қасиеті.

13-бөлім

Биосфера,Экожүйе,Популяция

Бұл бөлімде 5 параграфты қамтиды.Биосфера- Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады.
Экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық)-белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.

14-бөлім

Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.

Бұл бөлімде 2 параграфты қамтиды.Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері-адамның табиғатұа әсері үнемі артып отырады.Ол табиғатқа жағымды әсер етумен қатар,зиянды да әсер етеді.Қоршаған орта-ауа,су,топырақ тез ластанады.




Зертханалық жаттығу сабақтары

Өткен параграфтар бойынша 14 зертханалық жұмыстар беріледі.Зертхана бойынша оқушылардың білімін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет