Орфографиялық СӨздік



бет126/132
Дата01.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#54172
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік


§ 8. я әрпі мынадай сөздерде жазылады:
а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, қоян, таяқ, ая, мая, сая, қия, мия, сия, қияқ, тұяқ, саяқ;
ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін де жазылады. Мысалы: отряд, снаряд, аккумулятор.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
§ 9. б, в, г, д әріптері, негізінде, сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында да жазылады. Мысалы: байқа, хабар, гүл, әдет, вагон, авиация, клуб, штаб, актив, пассив (қаржы терминдері), резерв, анклав, педагог, округ, наряд.
§ 10. ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері сөздің басында да, ортасында да, соңында да жазылады. Мысалы: жаз, жақсы, қажет, құж, лаж, заң, сазан, саз, қол, көңіл, қоғи, шағи, намыс, нан, самал, лақ, фабрика, шкаф, альманах, хат, химия, цех, алхоры, рас, ру, рет, лас, лау, лек, көп, жаздым, келдім.
§ 11. ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің ба- сында және ортасында ғана жазылады. Мысалы: жаңа, аң, таң, ғалым, аға, ағартушы.
§ 12. ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы:
физика, кафе, кофе, щи, борщ, лифт, цифр, фонетика, очерк, центнер.
Ескерту. щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген сөздерде ғана жазылады, ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдер және одағайларда жазылады. Мысалы: Фазыл, Фәрида, Фәтима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние), тіфу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет