Органы цветковых растений


Өркен , өркендер жүйесі, бүршік



бет7/8
Дата25.11.2023
өлшемі15,78 Mb.
#127037
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тамыр анатомиясы 8 лекция

МАНГР АҒАШЫ
Монстера
Сауыр ағашы

Өркен , өркендер жүйесі, бүршік

  • Өркен бойында сабақ, жапырақ және бүршік орналасқан өсімдіктің негізгі мүшесі.
  • Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы
  • Өркен – қысқарған және ұзарған өркен деп бөлінеді
  • Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп, вегетациялық дәуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді, жеміс бермейді немесе өте аз береді
  • Қысқарған өркенге -капуста, қызылша, сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтарын жатқызуга болады
  • Өсімдіктің алғашқы өркені, ұрық бөлігінде ұрық бүршігінен жетіледі

Өркеннің бұтақтануы

  • Моноподийлі бұтақтану кезінде бүршігінен пайда болған өркеннің өстік бөлігі - сабақ ұшы арқылы өсуді жылдар бойы, кейде өсімдік тіршілігінің соңына дейін жалғастырады. Мұндай жағдайда жанама өркендер негізгі сабақтың жанама бүршіктерінен жетіледі және монополий бұтақтануды жалғастырады.
  • Дихотомиялы- бұтақтанудың көне бөлімі , өсу нүктесіңдегі инициалды жасушалар екіге ажырайды, соның нәтижесінде бірінші ретті бұтақ ұшынан екінші ретті екі бұтақ өсіп шығады,
  • Симподийлі бұтақтану басқаларына қарағанда қарқынды өтеді. сабақтың төбе бүршігі біраз уақыт өткен соң өледі немесе өсуін баяулатады. Бұл кезде төбе бүршігіне таяу орналасқан жанама бүршіктен өркен жетіліп, ол негізгі бұтақтың орнын басып, тік өседі де негізгі сабақ бүйірінің біріне қарай ығысады.
  • Жалған дихотомиялы бұтақтану бұтақтанудың жеке бөлімін түзбейді. Бұл - симподийлі бұтақтанудың бір түрі Өйткені жалған дихотомиялы бұтақтануда төбе бүршігі өсуін тоқтатады да, одан төмен орналасқан қарама-қарсы екі жанама бүршіктен бір мезгілде ашаланған бұтақтар өседі.
  • Бұтақтанбайтын өсімдіктер де кездеседі (мысалы, бақ-бақ).
  • Бұтақтанудың тағы бір түрі түптену деп аталады. Түптену бұталарға, көп жылдық, сол сияқты бір жылдық шөптесін өсімдіктерге, оның ішінде астық тұқымдасына тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет