Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша «terra» – «жер») деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер қалыптасқан.

Су – тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық қосылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35–40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір