Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсақ организмдерді (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше «planktos» – қалқып жүретіндер) деп атайды. Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі организмдерді (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше «nektos» – жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ организмдер пейстондар (грекше «heustos» – жүзетіндер) деп аталады.

Тірі организмдер денесі — тіршілік ортасы
Тірі организмдер денесі — тіршілік ортасы
Паразитизм - табиғатта кең таралған құбылыс. Паразиттердің қожайынның денесіне енуі
де, оның клеткалары мен ұлпаларының ішіне енуі де мүмкін. Сонымен қатар, пайдалы бірлесіп
өмір сүрушілік болады. Қоректің өте көптігінен қамтамасыз етілетін жоғары өнімділік- осы өлім
арқылы реттеледі. Сондықтан паразиттерге «жұмыртқалардың көп санының заңы» тән.
Паразиттер иесінің денесіндегі орналасқан орнына байланысты екі топқа бөлінеді.
1. Эктопаразиттер-иесінің денесінің сыртқы бетінде тіршілік ететін паразиттер
(кене, сүлік, биттер және т.б.).
2. Эндопаразиттер-иесінің денесінің ішінде тіршілік ететін паразиттер (көпшілік
құрттар, бактериялар, вирустар және т.б.). Иесі мен паразиттер арасында күрделі байланыс
эволюция процесінде пайда болады.
Паразитизмнің үш түрі бар.
Паразитизмнің үш түрі бар.
1. Пәтершілік - ұсақ организм иесінің денесіне өтіп, қоректену үшін иесінің
қорегімен және шырынымен қоректенеді.
2. Жыртқыштық - жыртқыш жемтігін бірден жоя алмайтын жағдайда оның
денесінің сөлдерімен немесе ұлпаларымен үнемі қоректенеді. Бұндай жыртқыш белгілі бір
жағдайларда иесінің денесінің ішіне енеді де паразитке айналады.
3. Кездейсоқ ену - ірі жануарлар қорегімен бірге ұсақ организмдерді жұтуы мүмкін.
Олардың кейбіреулері өлмейді, олар жаңа жағдайларға бейімделіп, паразиттерге айналады.
Көптеген паразиттердің жоғары өнімділігі - олардың өмір сүру үшін күресімен сипатталады.
Адам аскаридасы 5-6 айда 50-60 млн жұмыртқа, ал шошқа цепені жыл бойына 600 млн жұмыртқа