Орынай Жұбай



Дата14.10.2023
өлшемі19,1 Kb.
#114004
Байланысты:
Орынай Жұбай^J Қожағұл Нұрсұлтан ҚФ 302 топ-3


Орынай Жұбай


Жұбай Орынай Сағынғалиқызы, 1970 жылдың 22 тамызында Атырау облысы Дендер ауданы Дендер поселкесінде дүниеге келді. 1977-1987 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектепте оқыды. 1987-1989 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Атырау драма театрында жұмыс істеді.1989-1994 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыды. 1994-1995 жылдары С.Аспандияров атындағы Қазақ медицина университетінің қазақ тілі кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді. 1995- 1996 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқу бөлімінде, мамандар бөлімінде жұмыс істеп, қосымша қазақ тілі кафедрасында қазақ тілінен сабақ бердім. 1998-2001 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімін институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды. 2002 жылдың 1 наурызында академик Рәбиға Сыздықтың жетекшілігімен «Қ.Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасы мен лингвистикалық тұжырымдамалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2002-2007 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімін институты грамматика бөлімінің кіші, аға ғылыми қызметкері, 2007 жылдан бастап грамматика бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп келеді. 2010 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанқызының ғылыми кеңесшілігімен «Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
2 монография (Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму жолдары. -Алматы: Дайк-Пресс, 2011. – 272-б.; Қазақ тілінің когнитивті грамматикасы. - Алматы: Қазығұрт, 2014. - 297 бет), 700-ден астам мақаланың авторы, функционалды грамматика, когнитивті грамматика, қазақ тіл білімінің тарихы, морфология, коммуникативті синтаксис саласында еңбек етіп келеді. 2011-2020 жылдар аралығында ҚАЗТЕСТ сараптау комиссиясының құрамында сарапшы болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғамдық ғылымдар бойынша (2011, 2012), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде PhD философия докторларын дайындау ісіне диссертациялық кеңес мүшесі ретінде (2013, 2014, 2015) атсалысып келеді. 2012, 2021 жылдары Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, 2014, 2015 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды. 2014-2019 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасы Пекин (Бейжің) қаласындағы Ұлттар университетінде қазақ тілі бойынша дәріс оқып, ғылыми зерттеулерге қатысты.
Ұлт көшбасшысы «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Ұлттық жаңғыру» деген ұғымдар ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін ескерте келе, ол үшін ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық болмыстың өзегін сақтау қажеттігін атап өткен болатын. Бұл орайда ұлттық болмысымыздың тарихы тереңнен бастау алатынын байқаймыз. А.Байтұрсынұлы: «...Қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз» деген еді [Байтұрсынұлы А. Ақ жол. – Алматы, Жалын, 1991, 369-б.]. Расында да, қазақша сөйлеушілердің бәрін бірдей қазақша дұрыс сөйлеп тұр деп қабылдай беруге болмайды. А.Байтұрсынұлы шығарма сөзінің өңді, ұнамды болуы үшін сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл (лұғат) анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі сияқты шарттардың ескерілуі қажеттігін айта келіп, сөз дұрыстығы үшін: 1) сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғау­лық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну; 2) сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру; 3) сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру керектігін көрсеткен еді [Байтұрсынұлы А. Ақ жол. – Алматы, Жалын, 1991, 350-б.]. Алайда бүгінгі таңда газет, журнал бетінде көптеген орынсыз қолданыстар, қате тіркестер орын алып жүр, бұл басылым беттерімен қатар радио, теледидар тілінде де жиі кездеседі. Мысалы, ­ байланысты, орай, арқасында, кесірінен, салдарынан, қарай т.с.с. қолданысын жатқызуға болады: өкінішке орай, жауын-шашын салдарынан егін бітік шықты, жол апатының арқасында, т.с.с. қолданыстар радио, бұқаралық ақпарат құралдарының тілінде кездесіп қалады. Орай, арқасында септеулігінің дұрыс, оңтайлы іс-әрекетке, қимылға, орайлы іске байланысты қолданылатыны, керісінше, салдарынан, кесірінен сөздерінің жағымсыз құбылыстарды бейнелеуде қолданылатыны, эмоционалды-экспрессивті бояуы төмен сөздермен тіркесетіні, тура келеді, мәжбүр болды тіркестерінің амалсыздан, лажсыздан болған қимылды білдіретіні, т.с.с. көп жағдайда ескеріле бермейді. Сол сияқты бүгінгі күні, биылғы жылы деген қолданыстар да тіліміздің заңдылықтарына қайшы. Себебі бүгін сөзі бұл күн, биыл сөзі бұл жыл сөздерінің кірігуі нәтижесінде пайда болған. Яғни бүгінгі күн не биылғы жыл деген тіркестерде күн, жыл сөздері қайталанып, плеоназм орын алған. Қазіргі кезде теледидарда да, жарнама тілінде де әр сенбі сайын, әр шығарған сайын, әр күн сайын, т.с.с. сияқты қолда­ныстар жиі орын алып келеді. Әр сөзі тіркескен сөз сайын сөзімен тіркеспей-ақ тіркестің мағынасын бере алады. Мұндай плеоназмдық қолданыстар соңғы жылдары көбірек кездесіп жүр. Дұрысында: әр сенбіде, әр күні, т.с.с. немесе сенбі сайын, күн сайын, т.с.с. Қазақ тілінің нормаларына сәйкес әр, барлық, түгел сөзімен тіркескен сөз жекеше тұлғада келуі керек, алайда тілшілеріміздің әр күндеріңіз, әр минуттарыңыз, әр секундтарыңыз, барлықтарыңыз, түгелдеріңіз деген сөзқолданыстарын жиі естиміз. Тіл заңдылықтарын бұзатын мұндай қолданыстарға бейжай қарауға болмайды. Себебі теледидар – дұрыс сөйлеу, сауатты сөйлеу әдебін танытатын, дұрыс сөйлеу нормаларын қалыптастыратын бірден-бір жол болуы тиіс. Бұл орайда академик Р.Сыздық: «Радио, теледидар және баспасөз сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне арнайы көңіл аудару да тіл мәдениеті шаруаларының бірінен саналады.
Сонымен қатар қазақ тілінде тұрақталып қалған бірқатар сөздер бар. Мәселен, музей-мұражай, архив-мұрағат, процент-пайыз, интернет-ғаламтор. Соңғы жылдары бұл сөздерді орысша қалпында сақтап жазу үрдіс алып барады. Шынымды айтсам, мен бұған түбегейлі қарсымын. Себебі, қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағы өте аз. Біз өз тілімізді «жанды тіл» деңгейіне көтеруіміз үшін қазақ тіліндегі терминдердің санын көбейтуіміз керек. Байтұрсынұлы заманынан «сынып» деп қолданылып келе жатқан сөзді «класс»-қа ауыстырудың қандай қажеті бар еді? Бұл сөзде қазақ қызығатындай не бар? Шындығында, ол бүкіл қазақ тілінің заңдылығын бұзып тұр. Түсінбеймін, кірме сөздердің баламасы табылып жатса, халық оны қабылдаса, неге біз бұл сөздерден бас тартуымыз керек? Ақымет Байтұрсынұлы: «Мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек»,-деп айтып кетті.
Орынай Жұбайдың еңбектері Алашты, ұлт зиялыларын, Ақыметті тереңірек тануға мол мүмкіндік береді. Адамгершілік астарын, тарих шындығын, қайраткерлердің еңбектері арқылы тіл заңдылықтарын насихат еткен Орынай Жұбайдың еңбектері өз құндылығын жоғалтпақ емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет