Орындаған : Жиенбекова. А. ҚТӘ-33 Қабылдаған



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата29.12.2023
өлшемі141,73 Kb.
#144982
1   2   3
Байланысты:
ЖИЕНБЕКОВА.А., ҚТӘ-33. ЭССЕ

4.Космоним және астроним 
Ономастикада ғарыш денелерінің атауларын 2-ге бөліп қарайды. 
Олар:космонимдер мен астронимдер. Космоним дегеніміз-ғарыш кеңістігі, 
галактика, жұлдыздар жүйесін немесе оның бөлшектерін, жұлдыздар 
шоғырының атауларынан тұратын жалқы есімдердің бір түрі. Астронимдер 
дегеніміз - жеке, бір нүктедегі аспан денелерінің (планеталардың, 
кометалардың, астероидтардың, метеороид, метеориттердің) жалқы 
есімдері. Осыған сәйкес космонимдер мен астронимдерді космонимика мен 
астронимика зерттейді[1].
Ономастиканың бұл бөлімі әлі де зерттеулерді қажет етеді. Сол себептен 
терминге байланысты бірізділіктің болмауы кездеседі. Ю.А. Карпенко, В.Д. 
Бондалетов, Т. Жанұзақов, К.Г Аронов секілді бірқатар ғалымдар космоним 
және космонимика деп атауды жөн көрсе, М.Э. Рут астронимика деп атауды 
жөн көреді. Бұның өзі бұл салаларды терең зерттеу қажеттігін алға тартады. 
ХХ ғасырдың 70-80-жылдары ғарыш обьектілерінің атаулары бірыңғай 
зерттеле бастады. Н.В. Подольскаяның сөздігінде космоним (космонимика) 
және астроним (астронимика), селеноним (айдағы кез келгенобьект атауы), 
марсионим (Марстағы кез келген обьект атауы), меркурионим 
(Меркурийдегі кез келген обьект атауы), венусоним (Шолпандағы (Венера) 
кез келген обьект атауы) т.б. терминдерінің анықтамалары берілген. 
Құралсыз көзге көрінетін аспан денелерінің атауын ғалымдар халықтық деп 
есептейді. Таным-түсінігі шеңберінде адамдар өз өмір сүрген кезеңінде 
оларға атау берген. Қазақ космонимдерінде де халықтық атаулар бар: Іңір 


жұлдыз (Венера), Сары жұлдыз (Юпитер), Үшарқар (Пояс Ориона), 
Жетіқарақшы (Большая медведица), Темірқазық (Полярная звезда) деген 
секілді. 
Космонимдер регоиналды ономастикада белгілі бір территориядағы
дәлірек, аспан кеңістігіндегі жалқы есімдерді зерттейді. Осы 
ономастиканың шеңбері негізінде бірнеше аспектіден қарастырылады: 
ономасиологиялық аспект- ономастикалық кеңістікте перифериялық 
шектеріндегі атау мен беру приницптерін қолданады. Этнолингвистикалық 
аспект-ұлттық таным негізінен пайда болған космонимдер мен 
астронимдердің халықтық атау мәселесінде маңызды рөл атқарады. Бұл 
атаулар ұлттық көзқарас, наным-сенім негізінде туындаған. 
Қорытындылай келе, ономастиканың әр бөлімі адамзат өмірінің ажырамас 
бөлігі екендігіне көзіміз жетті. Олар адам баласының өмірінде болған, бар 
және бола да береді. Олар ұлттық тарихты, кодты, мәдениетті жеткізуде 
айрықша рөл атқарады. Ономастиканың аталмыш бөлімдері ғылым мкн 
адамзат өркениетін алдыға жылжытуда елеулі үлес атқаруда. Сондықтан, 
бұл саланы жаңғырту, жандандыру, терминдік жүйесін бағамдау біз үшін 
аманат болмақ. 


Пайдаланылған әдебиет: 
1.
Қазақ есімдерінің тарихы [Мәтін] : (лингвистикалық және тарихи-
этнографиялық талдау) / Т. Жанұзақов ; жауап. ред. І. К. Кеңесбаев ; 
Қазақ ССР Ғылым акад., Тіл білімі ин-ты... – Алматы : Ғылым, 1971. 
– 216 
2.
Мәдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ, 
Ономастика: зерттеу мәселелері-2005. 240 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет