Иммунитет
Жергілікті иммунитет
Иммунитеттің жеке түрі ретінде А.М.Безредка ұсынған. Ол әртүрлі мүше және ұлпалардың қоздырғыштарға жергілікті төзімділігі бар деп есептеген. Мыс: тырысқақ вакцинасы ауыз арқылы енгізілгенде, ауру басталмайды, өйткені ащы ішектің шырышты қабықтары тырысқақ вибрионына төзімді болып келеді.
Иммунитет
Иммунитетің факорлары және механизмдері
Адамның ауруларға төзімділігін қамтамасыз ететін қорғаныс факторлары спецификалық, яғни тек белгілі бір қоздырғышқа бағытталған және спецификалық емес (адам және жануарладың көп түріне тән болған) болып келеді.
Спецификалық факторлар организмді әртүрлі микроорганизмдерден қорғайды. Оларға төмендегілер жатады:
Терінің қорғаныс қызметі. Зақымдалмаған таза тері организмге әртүрлі микробтардың енуіне бөгет жасайды. Теріге түскен микробтар 30 минуттан кейін құрамында сүт және май қышқылдары болған тері және май бездері бөлінділері әсерінен жойылады. Зарарланған, ластанған теріде мұндай бактерицидтік қасиеттер төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |