Орындаған: Абилкасымова Аяулым. Тобы: тфп21-001-1к


Волейбол - біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын



бет2/2
Дата29.03.2023
өлшемі66,53 Kb.
#77108
1   2
Волейбол - біздің халқымыз арасында ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.
Волейбол ойынына тән ерекшелік - оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз. Жеке тұлғаның жан - жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы - бұл спорттық іс- әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.
Волейболойынаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңірегіне жинай қызықтататын керемет спорт ойыны.
Волейбол ойыны қазақ жеріне 1929 жылдан бері белгілі. Бірақ сол кездегі ойын қазіргі бізге үйреншікті воллейболдан қатты ерекшеленетін, ойыншылар әйтеуір допты бір-біріне беріп, қарсыластың алаң бөлігіне жеткізсе болды, ойын мәресіне жететін.1929 жылы қыркүйек айында республикалық дене тәрбиесінің ұйғарымы бойынша спорт ойындарынан жарыс өткізілген. Волейбол да назардан тыс қалмады.Сол уақытта Бішкек пен Алматы қалаларының арасында жолдастық кездесулер ұйымдас-тырылып, еліміздегі воллейболдың дамуы жаңа қадам басты. Мұндай кездесулер мемлекеттің қолдауымен қатарынан бірнеше рет ұйымдас-тырылған. Қалааралық кездесулердің бірінде Шымкент пен Алматының командалары жарыс алаңына шығып, өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде 15:17 және 15:6 есебімен біздің ОҚО волейболшылары жеңіске жеткен.Тәуелсіздік алған соң, волейбол клубтары құрылып, ҚР чемпионаттары мен түрлі жарыстар ұйымдастырыла бастады. Бұған қоса, елімізде жыл сайын Президент жүлдесі үшін турнирлер өткізіліп келеді. Осы жарыстар волейболшыларымыздың шеберліктерін шыңдауға үлес қосуда.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдас-тырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО- ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 - 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19- Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды.
Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Әйелволейболшылартабысы да ауызтолтырыпайтарлық. АлматыдағыҮйқұрылысы комбинаты командасы 1984-1992 жылдараралығында КСРО-ның чемпионы атанды. Ал 1985 жылыҚазақстандықволейболшықыздарИталиядаөткеневропакубогінжеңіпалды.
Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.
Алматының «Азамат» атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 2001 жылғы қыздар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының «Рахаты» ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын «Рахаттық» арулар 2001 жылғы 16-20 мамырда Вьетнам Республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғады. Команданың бапкері - Қазақстандағы волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шаприн. бұл командамен қатар еліміздің абройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар - Алматылық «Глотур», Ақсай қаласынан «Қарашығанақ», Астана қаласынан «Астана қанаты» атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.
Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында. Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу - құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет