12. "Статистика және ықтималдықтар теориясы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
12. "Статистика және ықтималдықтар теориясы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жиындар теориясы және логика элементтері;
2) комбинаторика негіздері;
3) ықтималдықтар теориясының негіздері;
4) статистика және деректерді талдау.
13. "Математикалық модельдеу және анализ" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) математикалық анализ бастамалары;
2) математикалық модельдеудің көмегімен есептер шығару;
3) математикалық тіл және математикалық модель.
3 тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
14. Бағдарламада, оқыту мақсаттары кодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында "7" сынып, "2.1" екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, "4" оқыту мақсатының реттік саны.
1-бөлім. Сандар
1. Сандар және шамалар туралы түсініктер
7.1.1.
8.1.1.
9.1.1.
7.1.1.1 сандарды стандарт түрде жазу
8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру; 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату
9.1.1.1 бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру; 9.1.1.2 бірлік шеңбердің бойында
сандарын белгілеу
2. Сандарға амалдар қолдану
7.1.2.
8.1.2.
9.1.2.
7.1.2.1 натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу; 7.1.2.2 санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау; 7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу; 7.1.2.4 бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету; 7.1.2.5 алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану; 7.1.2.6 көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу; 7.1.2.7 стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдану; 7.1.2.8 стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігін және ретін табу; 7.1.2.9 стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру; 7.1.2.10 шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу; 7.1.2.11 шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу; 7.1.2.12 жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу; 7.1.2.13 калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау; 7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану; 7.1.2.15 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану
8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану; 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау; 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу; 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту; 8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау; 8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру
9.1.2.1 градусты радианға және радианды градусқа айналдыру