Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ашылған жаңа өндіріс орындары.
Орындаған: Афиева А.Ғ.
Қабылдаған: Мылкайдаров А. Т.
Алматы 2022
Жоспары
Кіріспе.....................................................................................................................3 Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары ашылған кен орындары................................................................................................................4 Қорытынды............................................................................................................12 Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………...13
Кіріспе
Қазақстан - жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы, Еуразияда төртінші, ТМД да екінші орын алатын Еуразиялық мемлекет. Әлемнің 2% - ын, Еуропаның 15% - ын, Азияның 85% - ын алып жатыр.
Еліміз аумағы бір-бірінен табиғи жағдайлары мен ресурстары, еңбек қорлары, қоныстануы, ұлттық құрамы, қалыптасу тарихы жағынан айырмашылықтары бар. Бұл ерекшеліктері шаруашылықтың әртүрлі салаларын дамытуға мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының басы адамзаттың даму тарихында үлкен бір дүбірлі өзгеріспен басталды. Бүкіл Евразия материгінде ең күшті,ең қуатты деген,саяси аренада социализм, коммунизм идеясын басшылыққа алып, капиталистік жүйеге қарсы бағытта дамып келе жатқан біртұтас республикалар жүйесі ыдырап, халықаралық аренада жаңадан жас һәуелсіз мемлекеттердің пайда болуының өзі халықаралық қатынастардың даму тарихында жаңа бір кезең туғанын көрсетті. Талай тарихтан белгілі болғандай жалпы адамзат пайда болғаннан бері қандай да болмасын мемлекет өзге елдермен өзара байланыс жасамай, өзінің жер аймағы, даму деңгейі болғанымен, толық саясат жүргізе алмайды. Бұл табиғи заңдылық. Осы ретте тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының өзінің ең таяу және стратегиялық көршісі Ресеймен және өзге де алыс шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас орнатып,өзара байланысты дамытуы осы заңдылықтан туындайды. 1991 жылы егемендігін алған соң Қазақстан тәуелсіздік Декларациясын қабылдап, демократиялық бағытты ұстанып 1993-1995 жылдары жаңа конституциялар қабылданды.
Енді міне қазір Қазақстан өзінің егемендігін алып сол тәуелсіздіктің тұғырын нығайтып мелекеттің қауіпсіздігін сақтап халықаралық байланысын нығайтып оны дамытуға, өзінің экономикалық дамуын одан әрі қарқынды дамытуға күшін салуда. Оған нақты дәлел “Қазақстан - 2030" бағдарламасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінің негізінде егеменді саяси тұрақтылығы аумақтық тұтастығымен және күшті президенттік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты аса байымдылықпен жүргізілу арқасында дүние жүзіне танылып, тарихы қысқа аз ғана мерзімде әлемдік аренаға шықты. 90 жылдардың ортасында Қазақстан Республикасын әлемнің 117 мемлекеті танып, 100-ге жуығы дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Менің осы жұмысты орындау барысында өзіме қойған басты мақсатым тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуына әсер еткен жаңадан ашылған кәсіпорындар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |