Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн. Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып, үстіңдегі тар киімін шешу керек.
Басына, шүйедесіне, қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн.
Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады; сусынды - тұзды салқын суды, салқын шайды, кофені көбірек ішкен дұрыс.
Ыстық ұрған адамның тыныс алуын күшейту үшін салқын суға малынған сүлгімен немесе орамалмен жағынан шапалақтап ұрады, мүсәтір спиртін искетеді, оттегінжұтқызады, денесін ысқылайды.
Дәрігер келгенге дейін бір шай қасық кордиамин, 10 проценттік кофеин ерітіндісінің екі ампуласын ішкізуге болады
Егер тыныс алуы қиындай түссе, қолдан дем алдыру керек.
Сырқаттың жеңіл және орташа дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілсе науқас адам тез қалыпты жағдайына келеді. Ал ауыр дәрежелі түрінде уақытылы көмек көрсетілмесе адам өмірін сақтап қалу мүмкін емес.
Күннен дұрыс қорғанайық
Бастан күн өту мен ыстық өтудің алдын алу үшін күн сәулесі аса қатты белсенді кезде далаға, жағажайға шықпау, ауа кірмейтін, ыстық бөлмелерге кірмеу және адам толы қоғамдық көлікке отырмау.
Күн өту мен ыстық өтуге көбіне артық салмағы бар адамдар, қан қысымы жоғары, эндокринді аурулармен, вегето-тамырлы дистониямен ауыратын адамдар, кішкентай балалар бейім екенін ұмытпаңыз.
Ұзақ уақыт күн астында тұрған көлікке отырмас бұрын, барлық есіктерін ашып, ішіне ауа кіруін қамтамасыз етіңіз. Ыстық күнде ешқашан балаларды жабық көлікте тастап кетпеңіз. Күн астында ешқашан ұйықтамаңыз – егер ұйқыңыз келіп бара жатса көлеңкеге жатыңыз.
Жазда табиғи маталардан тігілген ашық түсті киімдер киюге тырысыңыз және бас киім киюді ұмытпаңыз. Көбірек су ішіп, ішімдіктен аулақ болыңыз.
Күн өтуден сақтану жолдары.
Жаз маусымында ауа темпетәтурасі жоғары болатындықтан, денедегі ыстық ауаға тез таралып кете алмайды.
Сондықтан кей адамдарға
күн тез өтеді де, салдарынан естен тану, құсу, іш өту сияқты ауру белгілері байқалады.
Науқасты дереу көлеңкелі, салқын жерге апарып, басын биік жастап, тыныс алуы мен денеден жылудың тез таралуына
тиімді болу үшін киімдерінің түймелерін ағытып, желдету қажет؛ науқастың басына суық орамал басу керек.
Қажет болған жағдайда басына, қолтығына, шабына мұз қалтасын қою керек؛
Науқасты кеудесіне дейін 180с шамасындағы суға жатқызған дұрыс.