Майда цилиндрлік жалғаулардың өзара ауысымдылығы. Отырғызылымдар мен шектердің бірыңғай жүйесі МЭК (СЭВ) және МемСТ (ГОСТ). ҚБЖД (ЕСДП) – саңылау мен біліктердің жүйелік белгісі, өлшемдердің диапозоны мен интервалы, квалитеті, шек бірлігі, өлшеудің температуралық режимі.
Орындаған:Ақихат Нұрзат
Қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі (ҚДБЖ)
Қондырулар мен дәлдік шектер жүйесі деп заңды түрде экспериментальды зерттелініп, теориялы мазмұнда– лынып құрастырылып,стандарт түрінде бекітілген қондыр- лар мен дәлдік шектер қатарын айтады.
Біздің елде және басқа тәуелсіз мемлекеттер достас–тығы мемлекеттерінде қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі (ҚДБЖ) қолданылады. Бұл жүйе стандарттаудың халықаралық ұжымының (ИСО) ұсыныста– рына сәйкес құрастырылған және 25346–89 МемСТстандарты ретінде тіркелген.
ҚДБЖ жүйесінің қолданылуы ТМД елдері арасында және халықаралық масштабта машина тетіктері мен түйіндері өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету, техникалық құжаттарыныңжазылуын бірдей жүйеде жүргізіледі, бақылау–өлшеу аспаптар паркі бірдейлігін қамтамасыз етеді. ҚДБЖ жүйесін бұрынғы КСРО мемлекетінде енгізу 01.01.1977 жылда басталып, 01.01.1980 жылы аяқталды.
25347–МемСТ стандарттар ретінде берілген. Бұл стандарт– тарда автомобильдер, тракторлар және ауыл шарушылығы машиналарындағы тетіктердің мөлшерлері 1...500мм дейін болады. Сондықтан бұл аралықтағы мөлшерлердің қондырулармен дәлдік шектер жүйелеріне көп көңіл бөлінген.
ҚДБЖ жүйесінің жалпы принциптері
І
І принцип. Негізгі жүйелер. Стандартпен екі бір–бірімен тең құқылы қондырулар жүйесі бекітілген: тесік жүйесі және білік жүйесі.
ІІ
ІІ принцип. Негізгі тетіктің дәлдік өрісінің орналасуы (25347 – 89 МемСТ)
Негізгі тетіктің дәлдік өрісі нөлдік сызығынан (0–0) симметриялы немесе асимметриялы орналасуы мүмкін.
ІІІ
ІІІ принцип. Дәлдік шек бірлігі (25346–89 МемСТ)
Дәлдік шек мөлшерін стандартты белгілеу үшін дәлдік шек бірлігі қолданылады. (ί).
IV
IV принцип. Квалитеттер (дәлдік шектер қатары) мен негізгі ауытқулар қатары 25347–89 МемСТ (қондырулар).
ҚДБЖ жүйесінде дәлдік шектер стандартбойынша квалитет деп аталынатын 20 қатар түрінде берілген.
ИСО қондырулар мен дәлдік шектер жүйесі
ИСО халықаралық жүйесі халықаралық техникалық байланыстарды құру мақсатымен әртүрлі ұлттық қондырулармен дәлдік шектер жүйелерінің мүмкіндігі бойынша унификаттау арқылы құрылған. ИСО жүйесі ИСА жүйесіне негізделген. ИСА жүйесінің бірінші жобасы Германия, Франция, Чехославакия, Швейцария және Швецияның бірнеше мамандарының ұсынысы бойынша 1931 жылы жарияланды, ал аяқталған варианты 1935 жылы жарияланды, құжат ретінде 1940 жылы ИСА–ның № 25–Бюллетенінде бекітілді. Елдердің қондырулар мен дәлдік шектер халықаралық жүйесіне көшуі 1932...1936 ж. басталды. Қазіргі кезде әлемнің барлық дамыған және дамып келе жатқан елдерінде ИСО жүйесі қолданылып келеді, б.а. бұл елдер ИСО ұсыныстары мен стандарттар негізінде өз елінің стандарттарын құрастырған.