Астана Медицина университеті КеАҚ Нефрология,гематология,аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасы.
БӨЖ Тақырыбы: Жергілікті иммунитет.Шырышты қабаттармен,өкпемен,терімен ассоциацияланған лимфоидты тіндер. Орындаған: Айдархан Аружан,Акперлиева Айару Факультет:Жалпы медицина -219топ Қабылдаған: Жадыра Мурзабековна Нұр-Сұлтан қаласы 2022 оқу жылы Жоспар: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім: а)Жергілікті иммунитет б)Шырышты қабықпен ассоциацияланған лимфоидты тіндер с) Өкпемен,терімен ассоциацияланған лимфоидты тіндер 3.Қорытынды 4.Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Адам организмі дүниеге келмей тұрған кезден бастап, өмірінің соңына дейін сыртқы орта әсерлерінен, микроорганизмдардан, жарақаттардың асқынуларынан, бөгде клеткалардан қорғаныста болуы керек. Бұл қорғанысты ұйымдастыратын – адамның иммунды жүйесі.Жалпы иммунитет дегеніміз-(лат.immunitas-босап шығу,арылу,құтылу) немесе төтемелілік-организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды,жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Организмде иммунитет 2-ге бөлінеді: жалпы және жергілікті.Дәл қазір бұл жұмыста жергілікті иммунитет туралы айтатын боламыз! Жергілікті иммунитет Жергілікті иммунитет-организм тұрақтылығы тұратын, сақтап әсіресе ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді,бөтен биологиялық антигендердің енуінен сақтайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп саналды.Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде:жас,сілекей,орталық құлақтың сұйықтығы мен сүтте кездеседі.Жергілікті иммунитет организмді ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды және залалсыздандырады.Адам мен жануарларда автономды қызмет атқарады. Жергілікті иммунитеттің тұрақты болуын фагоциттер қамтамасыз етеді,оның негізгі қызметтері: 1.Өлі және зақымданған жасушалардың элиминациясы; 2.Биологиялық белсенді заттардың селекциясы; 3.Патогендерден (бактерия,вирус,паразиттер) қорғау; Жергілікті иммуниеттің 2 түрін ажыратады: 1.Табиғи жергілікті иммунитет –антимикробтық заттардың барьерлік құрамымен жүзеге асады. Оның өзі 2 топқа бөлінеді: 1)түрлік 2)жекелік 2.Жасанды жергілікті иммунитет-агенттің популяцияға ұшыраған жасушасының резистенттілігімен ,секреторлық IgA мен,сенсибилизирленген лимфациттермен қамтамасыз етеді. Ол да 2-ге бөлінеді: 1)активті 2)пассивті Шырышты қабықпен ассоциацияланған лимфоидты тіндер
Антиген әлемі түрлі және көп санды болып келеді. Олар организмге әр түрлі жолдар арқылы енуі мүмкін:
Тыныс алу органдары
Ас қорыту жүйесі
Тері
Шырышты қабық
Организмге сырттан енетін антигендерді экзогендік антиген деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа бір факторлар әсерлерінен өзгергендіктен антигендер іштен пайда болуы мүмкін, олар эндогендік антигендер деп аталады.
Ас қорыту, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығының жергілікті иммунитеті олардың иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Өйткені шырышты қабықта дамыған лимфоидтық тін және көптеген иммунды компетентті жасушалар болады. Лимфоидтық тіннің қалыптасу уақытына сәйкес ерте реликтовтый- ерте кезгі) және кеш ( осы кезгі) пайда болған құрылымдары болып бөлінеді. Ерте пайда болған құрылымға гамма, дельта Т- және В1 жатады. Олар иммундық қорғаныстың бірінші шебінде іс атқарады. Кеш пайда болған құрылымдар иммундық жүйенің орталық органдарының бақылауымен дамиды. Тері (cutis) – ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Ересек адамда көлемі 1,5-2м². Тері эпидермис пен (эпителий тіні) дермадан (дәнекер тіні) тұрады. Бұлардың астында терінің май қабаты тері астындағы клетчатка немесе гиподермасы бар. Адам денесінің әр бөліктерінде терінің қалыңдығы әр түрлі, сондықтан терінің қалыңдығы шамамен 0,5 тен 5 мм-ге дейін болып келеді. Тері шекаралық іс атқарады, яғни, ағзадағы мүшелерді зақымданудан сақтайды. Механикалық қорғаныс факторы ретінде ол макроорганизмді сыртқы әсерлерден қорғап, зақымдалған кезінде оны өздігінен жойып, алғашқы қалпына келтіріп отырады.
Қорытынды Қорыта айтқанда,ағзаны қорғау жүйесінің көптүрлілігі адамдардың әртүрлі инфекциялық агенттердің әсеріне төзімділігін қамтамасыз етеді. Иммунитет адам организміндегі өзекті мәселелерді,иммунды тапшылық жағдайлардың алдын алу барысында қолданылады.Сондықтан қоректік заттарды көп пайдаланып,иммунитетті төмендетпеу қажет. Пайдаланылған әдебиеттер
Ә.Ә.Шортанбаев “Жалпы иммунология”
Р.М.Хаитов Иммунология
Интернет желісі https://ppt-online.org/535751https://www.yaneuch.ru/cat_46/zherglkt