Орындаған: Қайыркен Аружан



Дата15.12.2023
өлшемі14,18 Kb.
#138555
Байланысты:
Қайыркен Аружан


Орындаған: Қайыркен Аружан
Ілияс Жансүгірұлының «Баласынан анасына хат» әр қазақ баласына жүрекке ыстық өлең шығар. «Қорғаным, анам, қамқорым,» ақынның өлеңін осылай басталуы оқырманға бірден анасының жылы жүзі мен құшағы сезіледі. «Құлының жазды қолынан,
Қуан да хатқа қыл қуат»- құлыным деген еркелету қазақ дәстүріндегі ата-анасы мен баласынынң арасындағы қарым-қатынасын және махаббатын ерекше ашады. Ана үшін баласының амандықта жүруі ең үлкен бақыт және жүрек тынышын осыдан табады.
«Көйлегім көк, қарным тоқ,
Мінеки хатты жаза алам. » - бұдан баласының еркелегінің реңкі байқау қиын емес, анасының әдетте сұрағына сұратқызбай жауап беруі, бірақ баласының амандығын дұға қылған ана қайтсын сұрамай.
«Жолаушыменен жөнелтіп,
«Оқысын» деген қалаға.
Сонан бері міне үш жаз,
Бетімнен сүйіп қалғанға.
Өзім жазбай, жаздырып,
Ұялдым хат салғанға.»
Арман қуған балаға анасы қарсы болушы ма еді. Қолдайды, адам болғанын қалайды, жұрт қатарлы болсын деп бүкілін салады. Білем, көрем, талпынам деп жылы ошағынның жанында отыра алмайды ғой. Бірақ үлкен әлемге кірерде бірден үй сағынышы басады

«Қош, анам, сүйдім қолыңнан,


Қуансын деп жаздым хат.
Қуансаң қуан, анашым,
Болатын болдым қолғанат»
Өлең басында « Сонан бері міне үш жаз,
Бетімнен сүйіп қалғанға.» бала үшін қуат көрсетсе, енді сүйдім қолыңнан деген енді баласынан анасына сыйлаған қуаты.
Енді осындай анасының махаббат үлгісінен кейін ұлы тұлға өспей ме? Осыдан “Бір қолымен бесік тербеткен аналар, бір қолымен әлемді тербетеді» деген халық сөзі бекер емес.
Құрметті, менің группаластарым! Аналарымыздың қадірлейік, құрметтейік. Қолдарыңыз қандай іске тимесе де, біз үшін жанын, жылуығын, махаббатын сыйлап жүретін аяулы аналарымызға көңіл бөлуге ұмытпайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет