Табиғатты қорғаудың мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республиксының Конститутциясы және табиғат қорғау заңдары.

Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады.
1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерде қазіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу. 2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі қадағалау. 3. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру. 4. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғи ескерткіштер ұйымдастыру. 5. Аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өзқалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.

Табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың стратегиясы мен практикасы табиғатты пайдалану деп аталады. Табиғатты пайдаланудың ұтымды және ұтымсыз түрлерін ажыратуға болады.
Ұтымды табиғат пайдалану – табиғи жағдайлар мен ресурстарын үнемдеп пайдалануды, табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі.
Ұтымсыз табиғат пайдалану – керісінше табиғат ресурстарын сарқылтады, қоршаған ортаның сапасын нашарлатады.
Қорыта айтқанда, табиғат қорғау мен экология ғылымдарының түпкі мақсаты – табиғатты қорғау.