Көптеген коғамдардағы отбасы функциялары бір-бірінен соншалық деңгейде ерекшелене қоймайды, ал отбасында қалыптасқан дағдылар мен әдет-ғүрыптар осы функцияларды жүзеге асыруда адамдарға үлкен көмек көрсетеді. Алайда, бұлар мейлінше әр түрлі болады Отбасылық өмірдің бүкіл түрлерін, бітім-болмысын теріп жазатын болса, онда әр коғамның отбасын құрудағы өзіндік ерекше формасының болғанын аңғару киын емес.
Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отырғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінін бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғылыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалық, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Казіргі уақытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр. Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышарттар, атап айтсақ, әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль тұрғысында тыйым салулар немесе әрқилы кінәлаушылықтар жойылды. Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сақтаудағы отбасына тән ішкі алғышарттардың маңыздылығы артады. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр түрлі өзара шиеленістер ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеленістер бой көрсете бастайды. Оның біріншісі — психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады. Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыс-керістен, бір-біріне тиісуден, ашушаңдықтан құралады. Мұндайда ата-ана өзінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді.
Үшіншісі — әлеуметтік - рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасындағы ымырашылдық, сыйласымды пен тұрақтылықтың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық - тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу, отбасылық укладтың жөн - жосықсыздығы секілді көріністер. Төртінші — әлеуметтік-мәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік кұндылықтарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.
Отбасының шаруашылық - экономикалық функциясы отбасылық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін, нақты атап айтар болсақ, олар үй шаруасын жүргізу, отбасы бюджетін құрып, жұмсай білу, тұтынуды ұйымдастыру, үйдегі жұмысты тең бөлу проблемасы, қарттар мен мүгедектерге қолдау, көмек көрсету мен қамқорлық жасау, т.б. қамтиды. Үй тіршілігін механикаландыру деңгейінің төмен болуы, тұрмыстық кызмет көрсету тораптарының кызметін пайдаланудың қиындауы мен қымбаттауы тұрмыстағы проблемаларды ең алдымен әйелдердің иығына артты, бұл олардың онсыз да ауыр рөлдік жағдайын қиындата түсті, дәлірек айтқанда, әйелдердің кәсіби кызметі мен олардың отбасындағы міндеттері арасында, әйел, ана және еңбекші арасында қайшылықтар туындады. Зерттеулерге жүгінсек, жұмыс істемей отбасында отырған әйелдердің тұрмыс-тіршілігі әйелдерді аздап болса да қызықтырады, өйткені олар балалары мен күйеулерін күтуді маңызды шара деп есептейді. Көптеген әйелдер ер адамдарға қарағанда жұмыс уақыттарының қысқа болуын, ал жылдық демалыстарының ұзақ болуын қалайды.
Отбасылық әмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр коғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Оз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этно центризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы үлгісін жасамайды? - деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.
Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір дара тұрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып есептеледі. Айталық, казіргі Орталық Африка тайпалары мен Солтүстіктің көптеген халықтарында әлеуметтік институттардың басқа елдерге тән езге формалары байқалмайды. Оларда әр деңгейдегі билік етушілер, формалды заңдар, дін қызметшілері, мамандандырылған кәсіпкер жоқ. Бұл коғамдағы адамдардың бүкіл өмірі отбасында ғана өтеді. Билікті, азық-түлікті және өзге де құнды ресурстарды бөлу мәселелері бір ғана отбасының шеңберінде, тіпті әрі кеткенде бірнеше отбасының кеңесінде ғана шешіледі. Бір сөзбен айтсақ, қарапайым коғамдарда әлеуметтік институттар қанағаттандыруға тиісті физикалық және әлеуметтік қажеттіліктер болмайды. Ондай коғамдарға отбасы институты жеткілікті. Сайып келгенде, отбасы қарапайым аңшылар мен жер ендеушілер үшін экономикалық өнімдерді бөлудің бірегей үлгідегі жеке-дара және жеткілікті институты болып табылады.