Орындаған: Ануарбекова Азиза



Pdf көрінісі
Дата13.02.2023
өлшемі0,76 Mb.
#67465
Байланысты:
pdf 20221124 112114 0000



"АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ
Орындаған: Ануарбекова Азиза
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН


Жоспар
1. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Саяси қуғын-сүргі; 
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Өнеркәсіптің дамуы; 
3. Қазақстанның қоғамдық – өміріндегі (Хрущевтық жылымық). Ғылым және
мәдениеттің дамуы..


Халықтық шаруашылықты бейбітшілік қалыпқа қайта келтіру және
оның соғыстан кейінгі дамуы ішкі тәртіптің қиыншылықтарымен тығыз
байланысты болды. Елдің байлығының үштен бір бөлігі жойылды: 1710
қала, 70 мыңнан астам ауылдар, көптеген зауыттар, фабрикалар,
шахталар, мыңдаған километрге созылған темір жолдар және т.б.
қирады. Адам шығыны миллиондармен есептелді – ең соңғы
көрсеткіштер бойынша 30 мыңға жуық кеңес азаматтары қаза тапты.
Жұмыс күші, техника, тұрғын үй, азық – түлік тапшы болды. Соғыс
салдарынан зардап кешкен халық шаруашылығын қалпына келтіру
кеңес халқының бүкіл күшін жұмылдыруды талап етті.
Бейбітшілік кезеңге өту 


1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика
еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі
қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-
түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке,
өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік
сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай
алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді.
Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің
еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің,
майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек
қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы,
жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс
үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар
берілді.


Бұл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар
беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және
кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі
қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй
қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай,
жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік
қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың
өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе
жасанды сипатта болды. 
Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында
бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы
деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары
болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай
сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950
жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің
төмендеуіне әкеп соқты.


1946 жылы КСРО-ның көптеген
аудандарында аштықтың басталған
фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт
жетіспеді. Адамдар аштықтан өле
бастады. Бірақ бүл елден мұқият
жасырылды. Соғыстан кейінгі
экономикалық саясаттың басты
қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты
жылдамдатылған дамуы болып қала
берді. Материалдық мүқтаждықтарды
қанағаттандыру соғыстан бұрынғы
жылдардағыдай екінші кезекке
ығыстырылды.
Экономикалық жағдай
Бұл коммунизм секілді игі мақсатқа жету
үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық
ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн
боямалап көрсету салты тарихи шындықка
карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау
түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене
де болса көріністері, пікірлер плюрализмі,
социализмді «қаралау» әрекеттері
идеологиялық диверсиялар ретінде
қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың
себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген
сүрақпен алмастырылды. 


Қорытынды 
СОНЫМЕН ҚОРЫТА АЙТҚАНДА,СОЦИАЛИЗМНІҢ ДАМУЫ МЕН НЫҒАЮЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ТАП КҮРЕСІНІН САКТАЛУЫ МЕН ШИЕЛЕНІСУІ ЖЕНІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ
НҮСҚАУ ДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКЕ ТІРЕСТІ КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨЗ ІШІНДЕ ДЕ,
ХАЛЫКАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ ДЕ АРТТЫРА ТҮСТІ. «ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫНА», «СОЦИАЛИЗМ
ЖАУЛАРЫНА» ҚАРСЫ НАУКАН ІС ЖҮЗІНДЕ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛДІ..
Пайдаланылған әдебиеттер 
http://e-history.kz/kz/contents/view/1914
http://el.kz/m/articles/view/content-1106
https://www.google.com/amp/s/e-history.kz/kz/amp/history-
of-kazakhstan/show/8736


Thank
You! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет