Орындаған: Арыстанбекова Жібек
БӨЖ-2. Жетіасар тайпаларының Қаңлы этномәдени тарихындағы және Шығыс Арал аумағындағы түркі этникалық қауымдастығының маңызы. Византия, Иран, Сирия и Қытаймен сауда байланысы.
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.
Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.
Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.
Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.
Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кен-ттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауын-шы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.
Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. І мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.
Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің та-рихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.
Сауда — Біздің заманымыздағы II — V ғасырлардағы қаңлылардың шаруашы- лығьшың сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі толық қамтамасыз еткен деп қорытынды жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік береді. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталықтар қалыптасып, колөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың дамуын сол кезенде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді. Қазіргі уақытга мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі — билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Иконографиялық нұсқалардьщ өзі де әр түрлі сериялы, бірак оларды таңбалардың бір үлгіде бейнеленуі мен теңгенің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді36. Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ — Ташкент алқабы. Қаңлы кейіннен енген қаңлылар Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. Біздің заманымыздағы III ғасырда қаңлылардың бөлшектенуі салдарынан бұл иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі теңгелердің мерзімі дәстүр бойынша біздің заманымыздағы III - IV ғасырлар деп белгіленеді. Алайда қаңлылардың теңгенің неғұрлым ертеректе қолданылғанына дәлелдер бар. В.М. Массон Грек-Бактрия билеушісі Эвкра- тидтің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен. Бұл теңгенің мерзімі б. з. б. II ғасыр деп белгіленеді және Сырдария аймағы мәдениеттерінің қаңлы тобына жатқызылады37. Ташкент теңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы I ғасырдан бастап Хорезм теңгелерінде кімге тиесілі екендігінің негізгі белгісі ретінде орнықтырылады38. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм мен Шаш билеушілерінің қаңлы қалыптасып, ол гүлденген кезенде ғана орнығуы мүмкін болған туыстық байланыстары туралы мәселе қойып отыр39. Сонымен бір мезгілде дерлік қаңлы аумағында қытай теңгелері — У- шу пайда болады. Олар, атап айтқанда, Отырар алқабындағы Мардан қорымынын қабірлерінен табылды40 және алыс жерлермен сауда байланыстары жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқылы келген. Ферганадағы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп табылды41. Олардың мерзімі б. з. б. II ғасырдан басталады деп белгіленеді. Қабірлерден теңгелердің табылуы, сөз жоқ, тауар-ақша қатынастарының дамығанын дәлелдейді. Соңғы кезенде қаңлыларға қушандар мен сасанилердің күміс, мыс теңгелері келеді. Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа-1 қорымынан осындай екі теңге табылды. Олардың біреуі — сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған күміс теңге де, екіншісі — Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.
Достарыңызбен бөлісу: |