Орындаған: Ақтілеуова Мирамкүл Топ: 108 (3 жылдық, қазақ тілі мен әдебиеті) Көру, есту қабілеті бұзылған балалар


ПДТ балалардың этиологиясы мен патогенезі



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі51,42 Kb.
#116910
1   2   3
ПДТ балалардың этиологиясы мен патогенезі
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең “дамудың жақын аймағын” көре білді, белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа енеді — психикалық дамуының тежелуі бар балалар (ПДТ). Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін. Интеллектуалды жетіспеушіліктің туа біткен жеңіл түрлері де болады, осындай түрдегі балалар мен ересек адамдарды конституционалды ақымақтар деп атайды. Олардың ойлау қызметін бағалау үшін психикалық әдістер қолданылады, дербес интеллектуалды коэффициент IQ 100-ге тең, IQ шама, орта статистикалық мөлшерге тән. ПДТ кезінде интеллектуалды коэффициент 70-80, ал, дербес кезінде 50-70-ке тең.
Интеллектуалды, сезімдік (эмоционалдық)-жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқынының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ-ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр.
Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ-ң себептері болып табылады.
ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым-қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық) – мұндай жағдайларда бала толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала-алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсеңдейді.
Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интеллектуалды қарым-қатынасы жағынан жиі қалып отырады. Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі ролін атқарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды –динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытына байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі.
ПДТ-сы бар баланың жеке басын қалыптастыруда эмоционалды (сезімдік) даму дәрежесіне, сонымен қатар нейродинамикалық бұзылуларға (астениялық және церебрастениялық жағдайлар) байланысты М.С. Певзнер мен Т.А. Власова келесі ПДТ түрлерін ерекшеледі:
А) Психикалық және психофизикалық инфантилизм негізінде ПДТ, жүкті кезеңдегі ОНЖ-не зиянды әсер етумен байланысты.
Б) Баланың өмірінің ерте кезеңінде түрліше патогенді (ауру тұғызатын) факторлардың нәтижесінде пайда болған, организмді астениялық және церебрастениялық күйге әкелген ПДТ.
Болжау жоспарында патогенетикалық механизм кезінде бірінші жағдай көбіне жағымды және осындай ПДТ формасы бар балалардың көптеген бөлігі арнайы оқытуды қажет етпейді. Нейродинамикалық басым болу кезінде, бірінші кезекте церебрастениялық бұзылуларды, ПДТ тым тұрақты болып келеді және тек психологті-педагогикалық түзетуді ғана емес, емдеу шараларын да қажет етеді.
Кешірек, К.С. Лебединская, онан арғы ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысында, ПДТ-ң этио-патогенетикалық топтастыруын ұсынған болатын (яғни, негізгі клиникалық типтері этио-патогенетикалық принципі бойынша дифференцияланады):
А) ПДТ-ң конституциялық шығу тегі былайша айтқанда сәйкестік (гармонялық) инфантилизм;
Б) ПДТ-ң соматогенді шығу тегі;
В) ПДТ-ң психогенді шығу тегі;
Г) ПДТ-ң церебралды –органикалық шығу тегі.
Осы типтердің әр қайсысы соматикалық, энцефалопатикалық және неврологиялық аурушаң белгілердің көршілес асқынуы болуы мүмкін және өзінің клиникалық, психологиялық, эмоционалды жетілмеген ерекшеліктері және білім алу іскерлігінің бұзылуы, өзінің этиологиясы бар.
А) ПДТ-ң конституциялық шығу тегі, былайша айтқанда гармониялық, сәйкестік инфантилизм (психикалық қиын емес және психофизикалық инфантилизм), М.С. Певзнер мен Т.А. Власованың топтастыруымен (лат.тіл. “infantilis” – бала шақтың). Осыған сәйкес сезімтік-жігерлі сфера ең алғашқы даму сатысында тұрғандай, және тым кішкентай жастағы баланың әдеттегі структурасымен эмоционалды құрылысы ұқсас. Сипаттары: мінездің эмоционалды мотивациясының басым болуы, көңіл-күй түрінің жоғарлығы, сезімнің ашықтығы кезінде олардың үстірт және беріксіз, жеңіл иланушылық ойынға деген қызығушылығының басым болуы. Көбінесе эмоционалды жалынды-жігерлі ержетпеудің ерекшелігі дене бітімінің инфантильді типімен үйлеседі. ПДТ-ң мұндай типінде не туа біткен конституциялық этиология, не өмірінің бірінші жылында құрсақ іші ауыспалы-трофикалық бұзылулар түріндегі себептер болады.
Б) ПДТ-ң соматогенді шығу тегі. Аномалды дамудың бұл типі түрліше шығу тегінің ұзақ соматикалық жеткіліксіздігінің әсері болып келеді: созылмалы жұқпалы аурулар, аллергиялық жайы, соматикалық сфераның туа біткен және жүре пайда болған ауруының дамуы, бірінші кезекте жүректе. Баланың психикалық даму қарқынының баяулауында тек жалпы ғана емес, психикалық тонусты да төмендетуші маңызды рольді астения алады. Осындай ПДТ формалы балаға тән ерекшеліктер: эмоционалды дамуының тежелуі — соматогенді инфантилизм, невротикалық білінулер — сенімсіздік, қорқақтық, өзінің дене бітімінің жетілмегенін сезінуге байланысты, ал кейде шектеулер және рұқсат етпеу тәртібімен шақырылған соматикалық әлсізденген немесе ауру бала болады.
В) ПДТ-ң психогенді шығу тегі баланың жеке басының дұрыс қалыптасуына кедергі болатын тәрбиенің қолайсыз жағдайларымен байланысты. Баланың психикасына жарақатты әсер тудырушы, ерте пайда болған, ұзақ әсер етуші ортаның қолайсыз жағдайлары, оның нервті-психикалық сферасының тұрақты қозғалуына, алғашқыда вегетативті қызметтің бұзылуына, содан кейін психикалық, бірінші кезекте эмоционалды дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Г) ПДТ-ң церебралды-органикалық шығу тегі көбіне түрліше бейнелерде кездеседі, эмоционалды, жалынды-жігерлі сферада да және білім алу іскерлігінде де үлкен тұрақтылық пен бұзылудың ерекшеленуіне ие. ОНЖ-нің органикалық жеткіліксіздігінің себебі патологиялық жүктілік болып келеді (ауыр жеріктік, инфекциялар, уланулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша анамен құрсақтың қанының үйлесімсіздігі), шалалық, асфиксия (ауа жетіспеушіліктен түн шығып қалу) және туу кезіндегі жарақаттар, постнаталды нейроинфекциялар, өмірінің бірінші жылындағы токсикодистрофиялық аурулар.
Берілген ПДТ типі бар балаларға тән ерекшеліктер; статикалық қызметтің қалыптасуының, жүргізудің, сөздің, тазалық әдетінің, ойын әрекеті кезеңінің, дене құрылысының даму тежеулігінің кешігіңкіреуі (бұлшық еттерінің дамымауы, бұлшық ет және тамырлы тонустың жеткіліксіздігі, бойының тежелуі түрінде) жалпы гипотрофия, вегетативті реттелу; вегетативті-тамырлы дистонияның, гидроцефалды және гипертензивті стигма тәрізді белгілердің құбылысы (бас сүйек ішінің жоғарғы қысымы бар жергілікті жерлері). Эмоционалды – жігерлі жетілмеушілік органикалық инфантилизммен көрсетілген, соған тән ерекшеліктер: сезінудің ашықтығы мен өткірліктің жоқтығы, жақындаудың төмен деңгейі, сынның жоқтығы, ойын әрекетінің біріңғайлығы және бірсарандылығы, қиял мен творчествоның, шығармашылықтың аздығы. Көбінесе тура бағытталған интеллектуалды дайындықты қажет ететін іскерлік ойынға айналып кетеді, мысалы, сабаққа дайындық. Ұйқының және тәбеттің вегетативті бұзылулары бар — қатты терлеу мен тоңғақтық, тамырлы реакцияның тұрақсыздығы.
ПДТ-і бар балалармен оқу-түзету жұмыстары кең және әр-түрлі болып табылады.
Оқыту-түзету және түзету-тәрбиелеу жұмыстарының принциптері:
— жалпы білім беру циклы сабақтарында, сондай-ақ арнайы оқыту кезінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
— түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни профилактикасы, мысалы, ақыл-ой мен тәжірибелік іскерлікті алмастыру, қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды қолдану, көрнекіліктің түрліше тәсілдерін т.б;
— баланың білім алу іскерлігін барыншы белсендететін, олардың сөзін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
— дайындық (оқу бағдарламаның сол немесе басқа бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған өмір жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
— оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігі түрі кезінде үздіксіз түзетуіне көңіл аудару;
— баламен жұмыс кезінде ерекше педагогикалық ырғақ көрсету;
Арнайы мектептерде оқуға және жазуға үйрену арнайы түзету жұмысымен өткізіледі, былайша айтқанда сауаттылыққа үйрену дайындығы әр кезеңмен орындалады. Бірінші кезеңде естудің қадағалауымен сөзден жекеше дыбыстарды, бөлшектеу тәсілімен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; екінші кезеңде — сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді өндіреді, дыбыстардың бір ізділігн және сөздегі орналасу тәртібін анықтау.
ПДТ-і бар балаларды жазуға үйрету көпшілік жалпы білім беретін мектептерге арналған бағдарламаның тарауы бойынша берілген әдістемелік ұсыныс негізінде құрастырылады.
ПДТ-ны кемақылдылықтан ажырататын белгілері (ПДТ мен кемақылдылықты дифференциялау сұрағын, тек компетентті, білімді, хабарлар дәрігерлі-педагогикалық комиссия шеше алады):
А) ең жоғары оқыту, мұғалімнің көмегін өте жақсы қолданады және көрсетілген әрекет-амалын тапсырмаға ұқсас көшіруге қабылетті;
Б) ПДТ-сы бар балалар жәй оқу техникасы кезінде, мұғалімнің тапсыруынсыз қайталап оқуға жүгіне отырып, оқығандарын түсінуге тырысады. Кемақылды балалар оқығандарын түсінбейді және қайталап айту кезінде тиянақсыз және қисынсыз болып келеді;
В) фонетикалық және фонетика-фонематикалық талдаудың айрықша бұзылуы, моторикалық дамымауы және кеңістікті қабылдауы, жазуының салақтығынан білінеді;
Г) математиканы оқу кезінде сандардың құрамын, есептің ондықтан ауысуын және т.б. меңгеру қиындыққа түседі. Осыған байланысты кемақыл балаларды оқытуға қарағанда мұғалімдер тарапынан көмек өте нәтижелі;
Д) айтуының жеткіліксіздігі артикуляторлық аппараттың аз қимылдауына байланысты ПДТ-і бар балаларға арналған мамандандырылған мектептерде логопедиялық сабақтардың көмегімен түзетіледі.
Е) есте сақтаудың барлық түрлерінің жеткіліксіздігі: еркіндік, еріксіздік, уақытша, ұзақ уақытты. ПДТ-і бар балалар мұғалімнің көмегімен кейін берілген тапсырманы ережеге жақын деңгейде орындауға қабылетті, осыдан барып кемақыл балалардан сапалы айырмашылығы барын айтуға мүмкіндік береді;
Ж) мектепке барғаннан кейін тәртібі мектепке дейінгі баланыкіндей болып қалады, яғни бірінші орында іскерлігі. Баяу білінген немесе оқу дәлдігі жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет