Орындаған: Бахитқызы м тобы: 130-28 Тексерген


-кесте. Білім алушының тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері



бет11/11
Дата07.01.2022
өлшемі189,98 Kb.
#19090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7-кесте. Білім алушының тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері


Бөлім бойынша

ЖБ



Білім

алушы балы

Бөлім бойынша

ЖБ максималды балл

Тапсырманы орындау пайызы *

Деңгейі

1

7

10

70%

Орта

2

8

10

80%

Орта

3

4

12

33,3%

Төмен

* Есептеулер электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады

Бөлім бойынша жиынтық жұмыс қорытындысы негізінде білім алушының жеткен оқу жетістігі деңгейі тапсырманы орындау пайызына сәйкес анықталады. Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 8-кестеде көрсетілген.

8-кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты



Деңгейлер

Тапсырманы орындау пайызы

Сипаты

Төмен

деңгей




0%-39%



  • Пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді

  • қарапайым тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі

  • ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды

  • қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады

Орта деңгей

40%-84%

  • пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін және білімін көрсетеді

  • әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін орынды қолданады

  • ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтер келтіреді

  • әдеттегі тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады

  • тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістеріне қатысты білімін, дағдыларын кіріктіреді

Жоғары деңгей

85%-100%

  • пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін және түсінгенін көрсетеді

  • қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі

жағдайларда білімін орынды қолданады

  • әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді

  • қиын тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады

  • тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің

маңыздылығын және негізділігін бағалайды

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз бетінше анықтайды. Аталған ақпаратты рубрика түрінде беру ұсынылад. Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы ұсынуға болады.



ҚОРЫТЫНДЫ

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.



Бөлім/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Блум Б.С. Классификация учебных целей. - Нью Йорк: Лонгман, 1956.

  2. Блум Б.С., Кратволь Д. Таксономия целей обучения. - Нью Йорк: Лонгман, 1956.

  3. Блэк П., Уильям Д. Педагогические исследования: формативное оценивание. // Британ ғылыми-зерттеу журналы №29, 2009.

  4. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. – М.: баспа АПН РСФСР, 1978.

  5. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасы глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал. - Астана: «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет