• Орта және кіші медицина қызметкерлерімен қарым қатынас жақсы болуы қажет.
Дәрігер тактикасын науқастың мінезіне, оның мәдениет деңгейіне, ауру сатысына, психика ерекшелігіне қарай жүргізілуі тиіс.
Дәрігер науқастың туыстарымен баязы болуы керек, дәрігерлік құпияны сақтауы тиіс. Егер де аурудың асқынған түрлері болғанда жақын туыстарымен ашық әңгімелесуіне болады.
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс