Венгриялық психолог И.Харди мейірбикелердің 6 түрін зерттеді.Олар:
Венгриялық психолог И.Харди мейірбикелердің 6 түрін зерттеді.Олар:
1.Рутинер мейірбике
2.Әртіс мейірбике
3.Ашушаң мейірбикe
4.Күшті,ер адамға ұқсас мейірбике
5.Анаға ұқсас мейірбике
6.Маман мейірбике
Медициналық қызмет этикасы
Медициналық этика ( лат. еthica, грек тілінен алғанда ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология ( грек deon- парыз; термин «деонтология» соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), - медицина қызметкерлерінің өз кәсіби міндеттерін орындау барысындағы қағидалар мен этикалық нормалар жиынтығы.
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Ертедегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай қолжазбаларында дәрігерлер, олар-дың жұмыстары және оларға қойылатын талаптар жөнінде мәліметтер кездеседі, Осы тұрғыда медицинаның моральдық — этикалық жақтарын зерттеушілердің көпшілігі жаңа дәуірге дейінгі V — IV ғасырлар шамасындағы Үнді халық эпосы «Аюр-Веды»-ны мысалға келтіреді /С.С. Юдин, 1967, И.А. Кассирский, 1970, Э.П. Чеботарева, 1970, Б.В. Петровский, 1988 т.б./. Осы ерте ғасырлар куәсінде сол түстағы қауымның дәрігерлер жөніндегі көзқарасы берілген. Дәрігерлердің негізгі рухани, адамгершілк қасиеттері ретінде өзгеге жаңашырлық, тілектестік, төзімділік, ұстамдылық сияқты сипаттар көрсе-тілген. Дәрігерлердің ең басты міндеті ауру адамның өмірден үмітін үзбеу, сұрқостан айығып кететіне күмәнсіз сендіру деп көрсетілген. Бұлай болуы заңды да.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігідеонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.