Орындаған: Бәкір Г. А тобы: ФӨТҚ(А)01-22 Қабылдаған



Дата10.04.2023
өлшемі158,58 Kb.
#81078
Байланысты:
псих мәдениет 12 срс Гуля


«
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер"кафедрасы

Эссе
Тақырып:Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны


Орындаған:Бәкір Г.А
Тобы:ФӨТҚ(А)01-22
Қабылдаған:Абдухаимов Е.Ф

Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным- сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады.Туркілер - элем тарихында айрыкша кезен болы табылатын кене туркі дауірі кезенінде туркі халыктарынын жуелі мемлекеттік курынымымен, жетілген эскерп тактикасымен, калытаскан жазба дестурімен, бейнелі де бай тілімен ерекшеленеді.Зерттеушілер коне туркі руникалык жазбаларын YII-IX гасырларга тон деп жаткызы келді. Бул такырыта коптеген даулы мэселелер кетерілді де.Алайда, 80-жылдары Монголиядан табылан тас ескерткіштер руна жазуларынын тарихы тым эріде жаткандынын делелдеп берді. Коне туркі жазба ескерткіштерінін ішіндегі негурлым ежелгілерінін бірі ретінде Бугыты жазбасы(Бугутская надпись) аталып жур. Бул жодігерлік YI гасырдын сонны ширегіне жаткызылады.


Т
үркістан өлкесінде туып- өскен ұлы даналардың Ислам өркениетіне қосқан үлестері үш топта көрініс тапты.
•Бірінші тобы- шығармаларын араб тілінде
жазғандар
•Олар: Мұхаммед ибн Мұса Харезми(770-850), • Әбунәсір Әл- Фараби (870-940),
• Әбу Рейһан әл-Бируни(973-1048/50),
• Әбу Әли ибн Сина(980-1037).
•Екінші тобы- туындарын парсы тілінде жазып мұра қалдырғандар.
•Олар: Низами Гәнжи(1141-1209),
•Маулана Жәлаледдин Руми(1207-1273),
•Мырза Хайдар Дулат(1499-1551),
Үшінші тобы- еңбектерін Түркі тілінде жазған түркі ақындары мен ғалымдары.
•Олар: Жүсіп Баласағұн «құтты білік», •Махмұд Кашғари «диуан лұғат түрік»,
•Қожа Аһмет Йасауи(1041-1167) «хикмет», •Әлішер Науаи(1441-1501),
•Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр(1483-1530). •Сондықтан IIX-XV ғасырлар арасында Ислам өркениетінің ұлы жетістіктері араб, парсы және бүгінгі түріктектес халықтарының ортақ рухани қазнасы болып саналады. Түркілердің наным-сенімі тәңіршілдік болды. Француз ғалымы Жан Поль Рудың пікірінше, көне түркілердің арғы ата-бабалары Көк тәңіріне табынған.Қытай тарихшылары тәңірге табынудың пайда болуын б.з.б. III ғасырға жатқызады. Түркілердің түсінігі бойынша әлемді жаратқан және барлық дүниенің тағдырына иелік ететін құдай – Көк тәңірі. Бұл жағынан алғанда тәңір кейінгі мұсылмандық «Алла», «құдай» ұғымдарына жақын келеді.Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Көне түркілер тәңірден басқа жер, суға да мінажат еткен. Себебі адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты.Түркілерде тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы болып Ұмай ана саналды. Тәңірі және Жер-Сумен бірге түркілер сиынатын құдайлардың қатарына Ұмай ана да кіррді. Бұл Тоныккөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық байқалады. Онда сәтті жорықтардың бірін сипаттаған кезде «Көк тәңірі, Ұмай ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!» деп жазылған. Тәңіршілдікте ата-баба рухына (аруаққа) табынуға зор мән берілді. Қазақтарда аруаққа табыну әлі күнге дейін маңызын сақтап келеді. Оның терең философиялық және рухани-адамгершілік мәні бар. Осы ғұрып арқылы жас ұрпақ ата-бабаны құрмет тұту, өз халқының тарихын сыйлай білуге тәрбиеленеді.Қорқыт ата түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептелді. Түркілер Қорқыт атаның ауруды емдеп, бақытсыздықтан сақтайтынына, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайтынына сенді.Неміс ғалымы Г. Дерфердің пікірінше, тәңіршілдік – адамзаттың бір құдайға табыну діндерінің бірі. Тәңіршілдік басқа әлемдік діндерге әсерін тигізіп, оларды жетілдірді. Қыпшақ тайпалары Тәңірге табыну дәстүрін ұзақ уақыт сақтап келді.Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша дүние түгелмен рухтардан тұрады. Жанды-жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия деген түрлері бар.Тотемизм дегеніміз – адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан тарадық деп түсініп, соларға мінажат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Фетишизм – белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпал ететініне сену.Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм болып есептеледі.Анимизм – бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру.Магия – жанды-жынсыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.Орта ғасырларда Қазақстан жерінде діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні – тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың да ықпалдары болды.Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бумын қағанның ұлы Мұқан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Түркі қағандарын буддизмнің «Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе» деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары Жетісу жеріндегі Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда табылды.Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты «ол – құдай емес, адам, құдайдың жердегі өкілі ғана» дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Осы несториандық ағым VII-VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде таралып, христиандық шіркеулер көптеп салынған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұқтар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб т.б. қалаларды қазғанда табылды.Жалпы христиан дінін қазақ жеріне одан Шығыс Түркістанға, тіпті сонау Моңғолияға дейін таратқандар Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар болды.X-XI ғасырларда христиан дініне керейлердің, наймандардың біразы кіргені жөнінде тарихи деректер бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды.Манихей діні – зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани ойлап тапқан. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды.Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам алдымен Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Ислам діні – өте икемді дін. Ол Құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе де білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: сүнниттік, шиитттік болып екіге бөлінеді. Қазақтар исламның сүннитттік бағытын ұстанады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет