Жалпы жүйелік дератизация - көбінде үлкен қалаларда өткізіледі.
ІІІ. Таңдаулы дератизация – кеміргіштермен күресуі дамудың алғашқы сатысында болған тұрғын пунктерде жүргізіледі. Таңдаулы дератизацияға тек керекті ғана объектілерді алады – тоңазытқыш, ет және балық заводы, элеваторлар, сату склады, емдік, балабақшалық және жануар өсіретін өндіріс.
Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.
Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.
Механикалық әдіс
Кеміргіштерді жоюдың механикалық әдісі- әртүрлі құралдың көмегімен ұстап алып өлтіру. Бұл басқа әлістермен бірге қолданылады, бірақ химиялық және биологиялық әдістердә қолдану қауіпті болса (балалар, емдеу, кейбір тамақ мекемелері) және аулау саймандары кеміргіштердің санын анықтау үшін керек болса, бұл әдіс жеке қолданылады.
Құрылысының ерекшелігіне байланысты барлық аулау саймандары 2 топқа бөлінеді: қысатын қақпандар, егер кеміргіштер оларға ілінсе, механикалық жолмен жойылады. Және тірідей ұстайтын құралдар, олардың көмегімен кеміргіштерді ұстап, кейін құртады.
Қазақстанда кең қолданылатын ратицидтер
Зоокумарин- кумулятивтік қасиеті бар, сондықтан кеміргіш өлу үшін оның бірнеше мөлшерін қабылдауы керек. Ішек уы ретінде әсер етеді, қан тамырларының өткізгіштігін күшейтеді, қанды сұйылтады. Кеміргіш 7-10 күннен кейін өледі. Препарат адамға қауіпті емес, ұзақ сақталады, кеміргіштерге қауіптілігін жоғалтпайды, сондықтан қазіргі уақытта дератизацияның негізгі препараты болып есептеледі.
Цинк фосфиді- түрі сұрқара, әлсіз сарымсақ иісті ұнтақ. Жем құрамында ішек уы ретінде әсер етеді, нерв жүйесін, қанды, ішкі секреция бездерін улайды. Әсер ету уақыты тез, адамға қауіпті, әр түрлі объектілердегікеміргіштерді тез құрту керек болғанда қолданылады.
Ратиндан- 0,5% дифекациннен және 99,5% бейтарап толықтырғыштан тұратын қоспа. Жем құрамына оның 3%-ын қосқанда ішек уы ретінде әсер етеді. Суға ін ауыздарына себіледі. Кеміпгіштер 5-8 күннен кейін өледі. Балалар, емдеу мекемелерінде қолдануға болмайды.