Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады
Білім беру үдерісінің жариялылығы. Сыныптағы оқушылардың көпшілігі оқылатын материалдың мазмұнын емес, мәнін түсінбеуі себепті оқуға деген қызығушылығын жоғалтады, өз мүмкіндігінен төмен деңгей көрсетеді. Бұл ретте оқушылардың білімге деген оң көзқарасын туғызу үшін өздері орындай алатын оқу қызметін, әрекет түрлерін оқушының өзіне тапсырған дұрыс.
Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы. Білім беруді ізгілендіру дегеніміз – оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті, ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру. Гуманитарлық пәндер мазмұнында оқушылардың басқа адамдармен ынтымақтаса еңбек ету қабілеті, өзіндік “Менін” қалыптастыру, оқушының жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік мол.
Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы. Білім беру мен оқытудың жаңа талаптарына сай мұғалім оқушының кез келген әлеуметтік ортада, жағдаяттарда басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті мен білігін қалыптастыруға ықпал етуі керек.
Дамыта оқыту ұстанымы. Оқыту мен тәрбиелеуді қатар алып жүретін бұл ұстаным оқушының интеллектуалдық, эмоционалдық, ерік-жігерлілік пен ынталану бағыттарын қамти отырып, тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет етеді.
Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы берілген оқу материалының жүзеге асырылуын және күтілетін нәтижені анықтауға көмектеседі.
Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру. Бұл теорияның негізі – оқушының білімге деген саналы көзқарасын қалыптастыру.
Жүйелілік ұстанымы. Қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологиялардың мақсаты – тұлғалық қасиеттерді дамыту мен жетілдіру болып табылатындықтан оқыту белгілі бір жүйеге құрылуы тиіс.
Қорыта келе айтарым, егер оқушының бойында өзіне деген сенімсіздік болып, ол өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаса, оның сабақты түсінуі, меңгеруі қиындық тудырады. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, қызықтыру, оқушы ерік-жігерін шыңдау, қиындықтарды жою және мақсат қоя білуге бағыттау мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Оқушының интеллектуалдық қабілеті, оқу біліктері, “Мен – тұжырымдамасы”, ынталандыру мен ерік-жігері өзара тығыз байланыста өз нәтижесін береді. Аталған функциялар бірін-бірі өзара толықтыра отырып, кері байланыс орнатуға және оқушы білімін бағалауға септігін тигізеді.
1. Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. – М.: Педагогика, 1989.
2. Шаталов В. Ф Педагогическая проза. – М.: Педагогика, 1989.
3. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.
3. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2004.
4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
5. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |