Орындаған: Дінәлиева Ақнииет Тексерген: Жамансариева Ләззат



Дата04.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71477
Байланысты:
акон

Орындаған:Дінәлиева Ақнииет

Тексерген:Жамансариева Ләззат


КӨЗ ТАЛДАҒЫШЫ

Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтықдальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутекмышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгінинфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басырбленнореякатарактаконьюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді . Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін. 

  • Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтықдальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутекмышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгінинфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басырбленнореякатарактаконьюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді . Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін. 

Көз айналасындағы ауырсыну көңіл-күйді бұзып, әлсіретуі мүмкін. Көз ауруы кейде диагноз қою қиын болуы мүмкін. Егер көздің ауыруы жарақатқа байланысты болса, онда себеп айқын көрінеді. Алайда, сіз таңертең көздің ауырсынуымен оянсаңыз, ол өте жағымсыз болуы мүмкін.

Көз көру үшін ең маңызды зат – А дәрумені. Ол сары және ашық қазғылт сары жемістер мен көкөністердің (асқабақ, сәбіз, бұрыш, апельсин, құрма) құрамында кездеседі. Сонымен қатар түс ажырату қабілетін жақсартатын балдың құрамында да бар. Көздегі қан тамырларға өрік жақсы әсерін тигізеді. Ал сусындардан қаймақ қосылған сәбіз шырыны – пайдалы.

Қызылшаның да көз көруіне пайдасы мол. Қызылша шырынының екі ас қасық мөлшерін сәбіз шырынына қосып, тұрақты түрде ішкеніңіз дұрыс. Оған қоса антиоксиданттарға бай қаражидектің де көз үшін пайдасы зор. Ақузыды өнімдерге тоқталсақ, сүзбе, пісірілген балық, сиыр, қоян, күркетауық еттері алмастырғысыз. Дәнді дақылдар, жарма (әсіресе, қарақұмық), орамжапырақ пен банан – жүйке импульсінің таралуы мен көз іші қысымын қалыпты ұстау үшін қажетті В тобы дәрумендеріне бай. Сонымен қатар С дәруменінің көзідері де көз көруі үшін оң ықпал етеді, себебі аскорбин қышқылы көз қан тамырлары қабырғаларын нығайтып, көздің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартып, көз бұлшықеттеріне түсер күшті төмендетеді.

Компьютермен жұмыс жасаған кезде, ең болмаса, бірнеше минут басқа жаққа назар аударыңыз. Мысалы, терезенің арғы жағындағы көріністі тамашалауыңызға болады. Сонымен қатар көзге арналған 5 минуттық жаттығуларды тұрақты түрде жасап жүргейсіз. Әрине, мүмкіндігінше таза ауада жиі демалғаныңыз дұрыс. Физикалық белсенділік бүкіл организміңіздегі, тіпті көздегі тамырлардағы қан айналымының жақсаруына ықпал етеді. Ал көлікте кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, доғарғаныңыз жөн. Үнемі селкілдеудің салдарынан көру бұлшықетіне шамадан тыс күш түседі. Ал одан көзіңіздің көруі жақсармасы анық.

  • Компьютермен жұмыс жасаған кезде, ең болмаса, бірнеше минут басқа жаққа назар аударыңыз. Мысалы, терезенің арғы жағындағы көріністі тамашалауыңызға болады. Сонымен қатар көзге арналған 5 минуттық жаттығуларды тұрақты түрде жасап жүргейсіз. Әрине, мүмкіндігінше таза ауада жиі демалғаныңыз дұрыс. Физикалық белсенділік бүкіл организміңіздегі, тіпті көздегі тамырлардағы қан айналымының жақсаруына ықпал етеді. Ал көлікте кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, доғарғаныңыз жөн. Үнемі селкілдеудің салдарынан көру бұлшықетіне шамадан тыс күш түседі. Ал одан көзіңіздің көруі жақсармасы анық.

Назарларыңызға
рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет