Орындаған:Досан Гауқар
Тобы: ҚТӘ-23
Дүйсенбі А.К «Оңтүстік Қазақстанның аңыздары мен әпсаналары» атты еңбегінде Оңтүстік өңірінің Отырар аймағындағы ондаған төбелердің әрқайсысы туралы ел ауызындағы қызық аңыздарды айтады.
Құйрық төбе – Отырар қаласының күшханасы (мал соятын жері)
Алтын төбе – Отырар қаласының зергерлік дүкендер орналасқан жері болған.
Пышқы төбе – найза, қылыш т.б қару-жарақ соғатын орны.
Жаман төбе – Отырар қаласын ет, сүт, азық-түлікпен қамтамасыз ететін, мал бағатын ауылдар мен жаман-жәутік , жарлы- жақыбайлары отырғандықтан солай атаған дейді.
Қарауыл төбе - Сырға жақын Құйрық төбе мен Жаман төбенің аралығындағы орналасқан Отырар қаласын қаурауылдап тұратын сақшылардың мекені болған дейді.[1,19 б.].
Ө.Айтбайұлы «Отырар Энциклопедиясы?» Өліктөбе мекенжұрты (IV-VI ғғ.) – Көкмардан ауылының оңтүстік- батысында 12,5 км,Сырдария өзенінің оң жағалауынан 3 км жерде орналасқан. 1969 жыл Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген.Өліктөбе Көкмардан ауылы округіне қарасты Сарыкөл балық шаруашлығы территориясында, балық өсіретін қауыздардың қиылысқан тұсында қалып отыр.[2, 43б.].
Шөлтөбе мекенжұрты (VII-VIII ғғ) - Шәуілдәр ауылының солтүстік шетінде орналасқан.1969-1970 жж.Отырар архелогиялық экспедициясы тауып зерттеген (К.А.Ақышев) “Алаңқайлы төбе” түріне жататын қала орны. Сопақша келген төбе оңт-батыстан ,солт-шығысқа қарай созылып жатыр.Етегінен есептегендегі көлемі 170*100м ,төбесіндегі алаң көлемі 50*30 м, биіктігі – 10м.[2, 30 б].
Жамантөбе мекенжұрты - Бұл төбе аты ескі атау болса керек. Бұл атау арқылы қазіргі түсінігізмедгі төбенің «жамандығы» емес, оның бастыста орналасқандығы көрсетіліп тұр. Себебі, түркілерде «жаман» деп батыс бағытты белгілеу дәстүрі болған. Батыс бағытында «өлілер әлемі» бар, «дүние салғандар» сол бағытты келеді деп саналған. Жамантөбе расындада Отырар қаласының бастыс бағытында орналасқан. Отыра төбенің шығысында 6 км жерде орналасқан. 1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген.[2, 57 б ].
Мыңшұқыр шеберханасы- Отыра қалажұртынан оңтүстікке қарай 5 км жерде, Мыңшұқыр елдімекенде орналасқан. Шеберханада ыдыс-аяқтың барлық түрі, монументалды құрылыстардың қаптама тақталары мен бөлшектері дайындалған. Бұл атау Е.Қойшыбаевтың сөздеріне сүйенсек, ежелгі темір өндірісі орындарына тән. Бұл атау тек темір өндіріс орындары ғана емес, жалпы байырғы өндіріс орындарына тән деуге негіз бар.[2, 48 б ].
Мыңшұқыр – мыңшұқыр атауының өзі, топонимикалық әдебиеттерге сүйенетін болсақ, ежелгі өндіріс орындарына тән сөз. Мыңшұқыр – қисапсыз, көп шұңқыр деген мағынаны білдіреді. Мұндай жерлерде әдетте көне заманда темір өндірілген. Осы жерлерде кирамикалық шеберханалардың табылуы – бұл атаудың тек темір өндірісіне ғана қатысты емес екендігін дәлелдейді.[8,163 бет].
Отрабат мекенжұрты - Түркістан мен Отырар ауданындағы Отырарбат атауы арабтың «рабат» - «белгілі арақашықтықта орналасқан қарауыл бекеттерімен» байланысты. Отырабаттың Отырар қаласының Түркістандағы баратын жолдағы бекіністі бекеті, керуен сарайы болған. Отрабат атауы осы рабаттың шөпті, отты жерде орналасуына байланысты аталса керек. [2, 63 б ].
«Отырар Энциклопедия» Бас ред. Ө.Айтбайұлы Маяқұм - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты ауылдық округ. Әкімшілік орталық Шәуілдір ауылына дейінгі қашықтық 70км, ал Сырдарияның үстімен өтіп (шығысқа қарай), ара қашықтығын өлшейтін болсаңыз 2 есе жақын. Ауыл бұрын "Овцевод" деп, кейін "Әл-Фараби ауылы" делініп, қазіргі кезде "Маяқұм" аталынады.[3, 345 б ].
Маяқұм ауылының маңында тарихы тылсым көптеген ірілі-ұсақты қалалардың орны төбешікке айналған. Олар: Оқсыз, Тектұрмас, Бөріойнақ т.б төбелер Оқсыз- орта ғасырлық қала ("Уәсіж", "Васиж") атына сай оқ-дәрі шығарумен айналысқан. Бұрынырақта Ұлы Жібек Жолының бір бағыты осы Оқсыз арқылы өтетін. Себебі Отырарға жақын, экономикалық байланысы тығыз болған. Сондай-ақ Оқсызда Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келген.[4, б-жоқ].
Карл Байпақов «Қазақстанның ежелгі қалалары» Оқсыз – Археологтар Васиж қалашығы Отырардан солтүстік-батысқа қарай шамамен 20 км Ақжар сайында орналасқан Оқсус қалашығына сәйкес келетінін анықтады.Қалашық ішкі қамалдан, қабырғамен қоршалған шахристаннан және рабадтан тұрады.[9,155 бет].
Қыдыр Е «Отырар» Оқсыз – Отырарда Оқсыз(Уасиждің) орнын ерекше.Себебі: біріншіден, ол- орналасуы бойынша қорғаныс мақсатында Сырдың батыс жағында салынған бекініс. Басқа қорғандар Отырардың шығыс жағында орналасақан.Оқсыздан шыққан арна бастысқа қарай тартылды.Бар шаруашылығы ағынды су көздерімен тығыз байланысты болған қала.XII ғ. аяғы мен XIII ғ. Басында тіршілігін тоқтатты.[8, 156-157 бет ].
Асантай Әлімовтың «1936 жылғы археологиялық ашулар» Темір - Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылынан 7 км қашықтықта жатыр. Темір ауылының 20%-ы жазық төбенің үстінде, қалған бөлігі ойпат жазықта орналасқан. Темір ауылы туралы ерте заманғы деректер өте сирек. Темір ауылының теріскей беткейіндегі Қыркескен (Қарауыл төбе) төбешігін жерлесіміз, Отырар археологиялық музейінің негізін қалаушы А. Әлімов оқушылармен археологиялық жұмыс жүргізгенде моншақ, шаш түйрегіші, екі басты жылан бейнелі білезік, жүзік, құмыра, қылыш және тағы басқа заттар тауып алады. Бұл ежелгі дүниелерді ғалымдар I-IV ғасыр енішіне жатқызады. Сонда қабірлердегі адамдардың бастары әр бағытқа қарай жерленгендерін қорыта келе, қабірлер ислам діні шықпай тұрған кездегі жерленген адамдар деген тұжырымдамаға келген. [5, 196 б].
Ә.Дербісалиев «Қазақ даласының жұлдыздары». Темір- Ауыл атының шығу тарихы туралы мына қызық аңыз айтылып келеді. Таяу және Орта Шығыс, Үндістан мен Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған, 36 жыл ел билеген Әмір Темір раджаб (қаңтар) айының 12-де Қытайға аттанып бара жатқан жолда Отырарға аялдап, қатты ауырып, осы маңда Кесік деген жерде қайтыс болған. Сол себептен Темір ауылының осылай аталған болуы керек.[6, б-белгісіз].
Шәуілдір- Түркістан облысы ,Отырар ауданындағы аулы.Шәуілдір атауының тарихы:
1-нұсқа
Ат шаптырым алыстан мұнарта, қарауыта көрінетін Төрткүл дүниеге аты мен даңқы жеткен «Ұлы Жібек жолының» күре тамыры болған Отырар қаласының кішігірім таудай болып үйілген үйінді орны. Отырар қаласының солтүстік беткейінде Арыстанбаб деген әулиенің күмбезі бар. Ақшеңгел кей-кейде сыңсып, бір түрлі мұңды әуенмен жылайды. Сол жерге «Шейіт болған қыз» жерленген, сол қыздың моласының үстінде ақ шеңгел өскен деседі.Отырар ханы Қайырдың інісі әскербасы болады. Әскербасының жалғаннан айттырған жалғыз қызы Дүр болады. Дүр өнер-білім алу үшін ағасы Кайыр ханның қолында жасайды. Дүр өте сүйкімді, көрікті, құралай көз, киғаш қас, сүмбіл шаш, талшыбықтай бұралған көркіне ақыл-парасаты сай болып өседі. «Әскербасына жасаған ием жалғыз қыз берсе де, дүниенің тұтас байлығына пара-пар қыз берген», - деседі.Кайыр ханның ұлы Шәміл Дүрменен түйдей құрдас екен. Екеуі де балалықтың бал күндерін өткізе береді екен. Шәмілді көрген қариялар: «Ер тұлғалы, батырға лайық кейпі бар. Бұл өзі Қайырдан өткен хан болар» дейді.Қайырды дұшпандары жеңудің әдісін ойлайды. Қайырхан мен інісінің ұйымшыл, халқының ұйыған ынтымағын жек көреді: «Әскері мықты, бұны жеңу үшін күш емес, айла керек», - дейді.Сол кезде Шәміл жігіт болып бой түзеп, Дүр бой жеткен қыз болып қалған екен. Оңы мен солын анық ажырата алмайтын бозбала жігіт пен бойжеткенді қанды шеңгелдеріне түсіруді мақсат тұтады. «Аңдыған жау алмай қоймас» дегендей, хан сарайынан опасыз жан табады. Қайырхан өзі саятшылап кеткен екен. Кеткенін білген жау пәк жандарды алдап-арбап, шарап ішкізеді екен. Екеуі естерін жиған соң, ұят шоғына бидайдай қуырылады екен. Бұл хабар ханға да жетеді. Намыс отына түскен хан, Сарыкөлден інісін суыт алдырады. Інісі де: «Бұл не деген сұмдық, қазақ халқының дәстүр-салтында жоқ масқаралық», - деп күйзелді. «Күнәһардың бірі сіздің, бірі менің перзентіміз, екеуін де жас боран етіп жазалау керек» дейді. Қайырхан сабырлы қалыпты: «Осы іске көңілім сенбейді» деп, Шәміл мен Дүрді алдырады, екеуі де болған істі мойындайды. Үкім шығарылып, туысқан аға, қарындастың қылмысына лайықты жаза қолданылады. Қала халқының бәрі күн батыс жаққа тұрып, екіге бөлініп тұрады. Қақпа аузында жазалаушы әскер атқа мініп, қылышын қолына алып, сап түзейді. Қылмыскер екі жас жүгіріп атқа мініп, қала ішінен шауып шығуы керек.Алдымен Шәміл көз ілеспес жылдамдықпен жұлдыздай ағызып өте шығады. Жазалаушының қылышының біреуі иығына, біреуі санына тиіп, қып-қызыл қаны саулап кетеді де, жоқ болады. Оның артынан Дүр де ақ жамылып ағыза өтеді. Шәмілдің басын ала алмаған бас кесерлер, Дүрдің басын алады. Қыздың денесін алып, Арыстанбабқа тастайды. Қызды сол жерге жерлепті. Ал Шәміл ұшты-күйді жоқ болады. Ел жиналып, есін жиған соң, ескі елді мекен Отырардың атын «Шәміл-Дүр» депті. Келе-келе бұл Шәуілдірге айналыпты.
2-нұсқа
Ертеде Бұзық қаласын (қазіргі Темір ақ қорға, Бозықтөбе) Мұрындық атты хан билепті. Ол өте қатал, айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей жан екен.Бірде қаладағы Беген өзенінен су тартылып, қала тұрғындары бір тамшы суға зар болыпты. Сол кезде Мұрындық хан: «Кімде-кім қалаға су жеткізетін болса, соған қызымды беремін», - деп жар салыпты.Мұрындықтың Дүрия есімді айдай сұлу қызы бар екен. Көркіне ақылы сай Дүриядан қаланың бар кәрі-жасы тегіс үміткер болып, олар қалаға су әкелу жұмысына бар ынтасымен жұмылыпты. Алайда су жеткізу ешқайсысының қолынан келмесе керек.Сол ауылда Мұрындықтың жылқысын бағатын Шәміл есімді көрікті, батыр тұлғалы жігіт бар екен. Шәміл мен Дүрия бір-бірін өте жақсы көріпті. Бірақ сезімдерін жария етуге бірінің кедей жігіт, екіншісінің бай қызы екендігі бөгет болыпты. Расында, тігерге тұяғы жоқ, сіңірі шыққан кедейге қай бай қызын берсін. Осыдан барып Дүрия әкесіне Шәмілді ұнататынын айтуға аузы бармайды. Айтқан жағдайда, сүйген жігітінің мойнына қыл арқан түсетіні анық.Ханның қалаға су әкелу туралы жарлығын естігенде, Шәміл қатты қуанады. «Дүрияға қосылудың бірден-бір жолы осы» деп ойлайды.Ол үлкен кетпен жасатыпты. Арыс өзенінің жағасына келіп, тездетіп іске кіріседі. Күн-түн демей арық қазады. Тек бір өкініштісі, он бес шақырымдай жүргенде кетпен бір қатты затқа соғылып, сабы сынып кетеді.Кетпеннің сабы тораңғыл ағашынан жасалған екен. Ызаланған Шәміл сынған сапты бес бөліп, лақтырып жіберсе, ол бес таяқша болып жерге шаншыла түседі де, біраз уақыт өткесін, көктеп шығады. Кейін сол жерде бес ағаш өсіп тұрады. Содан халық ол жерді «Бестораңғыл» деп атап кетеді.Шәміл кетпенін қайта саптап, жұмысын жалғастыра береді. Отыз шақырымдай арық қазып, Бұзық қаласына су алып барады. Шөліркеген халық суға қанып, шаттыққа бөленеді.Алайда Мұрындық хан өзінің уәдесін орындамайды. Қызын алып, Отырар қаласына қарай қашады. Бірақ оны Шәміл Отырарға жеткізбей, қуып жетіп, Дүрияны күшпен тартып алады.Содан кеткен екі жас ну орманды паналап, күн кешеді. Аң аулап, жеміс-жидекті қорек етеді. Мұны естіген хан ашуға мініп, арттарынан әскерін жіберіп, екеуін табанда өлтіртеді.Міне, осы екі ғашық паналаған жерді жұрт «Шәміл мен Дүрияның ауылы» деп атап кетіпті. Уақыт өте келе бұл атау қысқартылып «Шәмілдүр», артынан дыбыстық өзгерістерге ұшырап «Шәуілдір» атанған деген сөз бар.[7, б-белгісіз].
Достарыңызбен бөлісу: |