Еуразиялық мәдениетті Шығыс пен Батыс мәдениеттері дамуының басты кезеңі немесе олардың өзара байланыстарын «мәдени көпір» ретінде қарастыруға да болады. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді.

Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): «Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...» деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады.
Деректер
Д.Николле ғұндар туралы, «Атилланың әскери тактикасын сипаттаған грек жылнамаларында оның соғыс жүргізу өнері мен тактикалық әдіс пен стратегияны жақсы меңгергенін жазады. Ол шапқыншы емес, ұлы қолбасшы және ақылды көсем. Ғұндар рим легионерлері сияқты қансорғыш емес, тәртіпті болды. Еуропа цивилизациясы алдындағы ғұндардың айыбы, олардың сырт пішіні мен дәстүрі басқа болды. Еуропалықтар соғыс өнері мен рыцарлықты ғұндардан үйреніп, олардан салт аттылық, киім және қаруды алды. Арабтар мен III-IV ғасырлардағы олардың ұсталары сақтар, ғұндар, хазарлар, болгарлар және қыпшақтардан соғыс қаруын жасауды үйренді» дейді.
IX ғасырдағы араб тарихшысы Әль-Жахиз; «түркілердің соғыстағы рөлі мен маңызын, қытайдың өнердегі және грецияның ғылымдағы орынымен салыстыруға болады» деп бағалаған. Сонымен қатар, ғұндардың Еуропаға монша, руникалық жазуды әкелгені белгілі.