Жергілікті – ауырсыну тітіркенгіші орналасқан аймақта кездеседі
Проекциалық – ауырсыну тітіркендіргіш аймағына сай емес
Иррадиациалық – ауырсыну патологиялық процесс орналасқан бір нерв тармағынан басталып басқа нерв тармағына беріледі
Шағылысқан – ішкі ағзалар ауруларында кездеседі
Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері
Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).
Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.
Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.
Штрюмпель-Мацкевич симптомы. Етпетінен жатқан сыр-каттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.
Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауыр- сыну білінеді.
Бонн симптомы. Аяқтың жамбас-сан және тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.
Турын симптомы — аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.
Брагард симптомы — жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буы-нында созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни
Ласег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.
Френц симптомы. Еңкейген басты қарама-қарсы жағына ұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі. Түшкіргенде, жөтелгенде және басты қарама-қарсы жағына бұрғанда ауырсыну күшейеді. Созылып тұрған қолды артқа қарай бұрып, шұғыл көтеріп қалғанда ауырсыну күшейеді. Бұл симптом аяқта тексерілетін Ласег симптомына үйлеседі.