Құрғатқыш шкаф- лабораториялық ыдыстарды , т.б. заттарды кептiруге қолданылады . Құрғатқыш шкаф - термолегулятормен кептiру үшiн лабораториялық ыдыстардың стерилизациялануы , әр түрлі материялдардың тұрақты массаға дейін кептiрiлуi үшiн қажет . Құрғатқыш шкафты термотұрақты материалды ( металл жэне асбесттен ) диопозонды температура жұмыс камерасында 40 - тан 200 ° С - қа дейiн есептелiнедi . Шексiз iшi тесiк беттi металды сөрелер орналасқан . Онда ыдыстар немесе кептiрiлетiн материалдар қойылады
Автоклав ( грек тілінен .ауто – өзі және лат. Клавис- кілт)- « самозапирание » деген мағынаны білдіреді. Бу стерилизаторында стерилдеу немесе автоклавтау лигатурлы шовного материалдан , қоспалардан, текстилден және резеңкеден,шыны, металдардан жасалынған кез келген ИМН құралдарын стерилдеу процестері үшін қолданылады. Бу стерилизаторлары автоматтандырудың әр түрлі дәрежесімен әр түрлі габариттерге ие болады. Жұмыс камерасының көлемі 10, 25, 75, 120 л құрайды.
Автоклав қысым жәрдемімен өтетін технологиялық процестерге арналған құралғы. Автоклав айналмалы не тербелмелі, көлденең немесе тік және мұнаралы болып келеді. Қақпағы бар немесе жабық ыдыс түрінде болаттан, шойыннан, тағы басқа жасалады, ішкі жағы таттанбайтын материалдармен қапталады.
Автоклав іштей де, сырттай да қыздырылады. Ол үшін электр тогы, бу, газ пайдаланылады. Автоклавтың салмағы бірнеше кг-нан 80—100 т-ға дейін, ал сыйымдылығы оңдаған см~3- ден жүздеген м3-ге дейін жетеді. Автоклав химия өнеркәсібінің органикалық шала өнімдер мен бояулы заттар өндірісінде, синтездеу процестерінде, гидрометаллургияда, тамақ өнеркәсібінде және медицинада микробтарды толық жою үшін кеңінен қолданылады.