Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауыретінде. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар. Перцепция (перцептивті) – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар. Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы. Перцептік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы. Адамдардың қарым – қатынасқа түсер алдында бір – бірін адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым – қатынас барысында сеніммен түсінісулеріне маңызы өте зор. Қарым-қатынаста оған қатысушылар арасында өзара түсінушілік болуы керек. өзара түсінушілік дегенімізді әр түрлі түсінуге болады: өзара әрекет бойынша партнердің мақсатын, мотивтерін, бағдарын түсіну немесе осы мақсат, мотив, бағдарды түсініп қана қоймай, оларды қабылдау, бөлісу әрекетті келісімде етіп қана қоймайды сонымен қатар ол қарым-қатынастың ерекше түрін: жақындықты, махабатты, достықты орнатады. өзара түсінудің екі жағы зерттеудің екі бағытына негіз болады: бірінші жағдайда өзара әрекетті талдауда, екіншісінде «аттракцияны» талдауда. Бірақ екі жағдайда да маңызды орындықарым-қатынастағы партнерді қалай қабылдау алады, басқа сөзбен айтқанда бір адаммен екінші адамды қабылдауы қарым-қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады да, шартты түрде қарым-қатынастың перцептивтік жағы деп аталады.Адамның адамды қабылдауы көбіне «әлеуметтік перцепция» ұғымымен беріледі. Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Озара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді. Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр. Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметтік детерминантасы мәселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект) психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауы. Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерінің зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жынытық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық – ролдік айырмашьшықтар бар екені тіркелген. Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп пішінге (киімі, шаш қоюы, сыртқы ерекшеліктерге, т б.) көңіл аударады.