Техника мен технология ҒТР-дің екінші құрамдас бөлігі болып табылады. Олар өндірістің тиімділігін арттырады. Техника мен технология екі жолмен дамуда: эволюциялық және революциялық.
Революциялық ілгерілеу өнеркәсіп пен көлікте электр энергиясын қолданумен қатар жүзеге асты. Радио ойлап табылды. Адамзат атом энергиясын меңгерді. Кибернетиканың пайда болуы маңызды болды. Ғылымның зор мүмкіндіктері мен оны практикада пайдалануға адамзаттың көзі жетті.
Эволюциялық жол техника мен технологияның үнемі жетілдірілуінен тұрады (машина мен құралдарының өндіргіш қуатының артуы, көлік құралдарының жүккөтергіштігінің өсуі).
Ал революциялық жол ҒТР-дегі техника мен технологияның негізгі даму бағыты болып табылады. Бұл жаңа техника мен технологияға көшумен анықталады. Мұндай көрініс электрондық техника өндірісінде орын алады. Қазіргі заманда жаңаша технологияға көшу үлкен маңызға ие.
Өндіріс ҒТР-дің үшінші құрамдас бөлігі болып саналады.
ҒТР-де өндіріс мынадай басты бағыттар бойынша дамыды: Электрлендіру, бұл дегеніміз - адамзат қызметінің барлық салаларын электрондық-есептеу техникаларымен қамту. Электрлендіру білім беруге, денсаулық сақтауға және адамның күнделікті өміріне қарқынды енуде. Ең үлкен ЭЕМ паркіне ие елдер: АҚШ, ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея.
Кешенді автоматтандыру әртүрлі электрондық-механикалық манипуляторлардың пайда болуымен байланысты. ХХ ғасырдың 50-жылдары ЭЕМ пайда болса, 70-жылдары микро ЭЕМ мен микропроцессорлар қолданысқа енді, роботты қолданудың жаңа заманы басталды. Әлемде барлық өнеркәсіптік роботтардың саны ХХІ ғассырда 800 мыңға жетті. Өнеркәсіпітк робот жасайтын белгілі парктер: Жапония, АҚШ, ГФР, Италия, Франция.
Энергетикалық шаруашылықты қайта құрылымдау - электрмен қамтамасыз етуге негізделген, жаңа энергия көздерін кеңінен қолдана отырып, отын-энергетикалық балансты жетілдіру. Бұл сала АҚШ, Жапония, ГФР, Ресейде жақсы дамыған.
Жаңа материалдар өндірісі. Ескі конструкциялық материалдарға қойылатын талаптар, композитті, жартылай өткізгіш, керамикалық және ХХ ғасырдағы жаңа материалдардың пайда болуы (литий, берилий, титан) алға қойылды.
Биотехнологияның дамуы. ХХ ғасырдың 70-жылдары пайда болып, әлемде 80-90 жылдары биотехнологиялық революция басталды. Бұл ҒТР-дің ғылымды көп қажет ететін салаларының пайда болуы мен дамуына әкеледі, ол Жапония, АҚШ, Германия, Францияда табысты дамуда.
Ғарыштану. Аэроғарыштық өнеркәсіпте жаңаша ғылымды қажет ететін космонаавтиканың дамуы қарқынды түрде қолға алынды. Ғарыштың игерілуімен адамзат жерге жақын кеңістікті табысты игеріп, ғаламшар экологиясына біршама мұқият қарайтын болды.
ҒТР төртінші құрамдас бөлігі - басқару.
Басқаруда әлемдік жоғары ақпараттық кеңістік жұмыс жасайды. Интернеттің рөлі үлкен. Бұл бағыт географияда геоинформатика деп аталады. Геоинформатиканың дамуы геоақпараттық жүйелердің құрылуына алып келеді.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс үшін революциялық және эволюциялық өзгерістердің кешенді үйлесу сипаты тән.
ҒТР дамыған елдерді жаппай тұтыну кезеңіне алып келді. Бір реттік пайдалану заттары қазіргі адамның қолдануына ыңғайлы болып жатыр. Бұл қолайлылықты туғызғанмен, қоршаған ортаға қосымша жүктемені арттырды (мысалы, бір рет пайдалануға жарамды пластикалық шөлмектер, олар табиғи жағдайда шірімейді, ұзақ уақыт қоқыс орындарында жатады). ҒТР жүйелілігі мен кешенділігі өнім өндіру үдерісінің қайта құрылуына ықпал етеді. Өндірістік үдеріс біртіндеп тұтас технологиялық жүйенің нысаны бола алады. Үстіртін бақылаулар өндірістің бірыңғай уақыттық акт емес, үздіксіз үдеріс екенін көрсетті.