Жабу эпителийлері - дененің бетін (жабу), ішкі мүшелердің шырышты қабықшаларын (асқазан, ішек, қуық және т.б.) және дененің екіншілік қуыстарын тыстаушы шекаралық тіндер. Жабу эпителийлері организмді және оның мүшелерін қоршаған ортадан бөледі және олардың арасындағы зат алмасуға қатысып, заттарды сіңіру және зат алмасу өнімдерін шығару қызметтерін атқарады.
Безді эпителий- көптеген бездерді құрап, секреторлық қызмет атқарады, яғни организмде өтетін үдерістерде қолданылатын арнайы өнімдерді - секреттерді түзеді және бөледі.
Дәнекер тіндердін - даму негізі мезенхима болып табылады (грек тілінен mesos - ортаңғы, enchima толтырушы зат). Бұл, ортаңғы ұрықтық жапырақшасының босаңсыған бөлігі болып табылатын, эмбрионалдық бастамалардың бірі (кейбір көзқарастар бойынша эмбрионалдык тін). Мезенхиманың жасушалық элементтері дерматомның, склеротомның, спланхнотомның висцералды және париеталды жапырақшаларының саралануының кезінде пайда болады. Одан басқа, жүйкелік айдаршадан (ганглиозды табақшадан) дамитын эктомезенхима (нейромезенхима) ажыратылады.
Қаңқалық (сомалық)көлденең-жолақты бұлшық ет тінінің (textus muscularis striatus sceletalis) - даму көзі миотомдардын бағаналы жасушалары промиобласттар. Олардың бірі орнында дифференцияланады және аутохтонды бұлшық еттердің қалыптасуына қатысады. Басқалары миотомдардан мезенхимаға орын ауыстырады. Олар детерминацияланып қойсада, мезенхиманың басқа жасушаларынан сырттай айырмашылықтары болмайды. Олардың дифференциялануы дененің басқа бұлшық еттерінін бастамаларының даму орындарында жалғасады. Дифференциялану барысында екі жасушалық бағыт пайда болады. Бір бағыт жасушалары бірігіп, ұзын симпласттар бұлшық ет түтікшелері (миотубалар) пайда болады. Оларда арнайы органеллалардың миофибриллалардың дифференциялануы өтеді.
Жүйке тіні - эктодерманың дорсалды бөлігінен дамиды. Адамның 18 күндік ұрығында арқаның орталық жолағы бойымен эктодерманың дифференциялануы және калыңдауы жүріп, жүйкелік табақша түзеледі, оның шеткері орналасқан шеттері жоғары көтеріледі де жұмырланған жүйкелік үйемені құрайды, ал олардың араларында жүйкелік науашық қалыптасады.