Шыққан көздеріне байланысты қалдықтар екі топқа бөлінеді:
өндіріс қалдықтары;
тұрмыстық қалдықтары.
Қауіпті қалдықтарға :
пестицидтер және олардың құрамына кіретін химиялық өндірістік қалдықтар
радиоактивті қалдықтар;
сынап және олардың қалдықтары;
мышяк және олардың қосылыстары
құрамында мышяк бар металлургиялық өндіріс;
жылу электр станцияларының қалдықтары.
Мұнай өнімдері
Мұнай-газ өдіруде баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті. Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Мұнайгаз комплексі бірден – бір қоршаған ортаны зиянды заттармен жабдықтаушы екендігін қазіргі уақытта өте белгілі. Әсіресе, көмірсутек күрделі құрамдары геологиялық жоғарғы беткі қабаттардың ластануы тіршілік орталарының деградациялануына әкелуде, халықтың денсаулығына залалын тигізуге алып келуде және әлеуметтік алдыңғы өте маңызды да өткір экологиялық проблема болып қалуда. Қазақстанда мұнайгаз өндіру өнеркәсіп шаруашылығын алдыңғы орын алатын аймақтар Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда облыстары. Экологиялық жоғары қауіпті аймаққа Атырау облысы жатады, яғни барланған (шоғырланған) органикалық және минералдық шикізат қорынан дүние жүзінде алғашқы орынды алады.