Орындаған: Жапсарбек Даная БӨЖ 1: Өнеркәсіптік роботтарға қойылатын техникалық талаптар, өнеркәсіптік роботтардың түрлері. Робототехника



бет1/3
Дата29.09.2022
өлшемі0,7 Mb.
#40847
  1   2   3
Байланысты:
БӨЖ 1


Орындаған:Жапсарбек Даная
БӨЖ 1: Өнеркәсіптік роботтарға қойылатын техникалық талаптар, өнеркәсіптік роботтардың түрлері.
Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккенсаласы.
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.
Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.
Қарпығыш құрылғысы (ҚҚ) өнеркәсіптік роботтың (ӨР) маңызды элементі болып табылады. ӨР-дың ҚҚ-мен жабдықталуы олардың қолдану аймағын көбейтеді және операцияларды орындау кезінде ӨР-дың жұмыс істеу принципін жаңартып тұрады. Соңғы кездері бағытсыз орналасқан объекттерді және қарпу жұмысын дұрыс жасайтын ҚҚ-сын жасау интенсивті түрде өтіп жатыр. Сондықтан ҚҚ-ның құрылымдық анализі және жүйелілігі, таңдау тәсілін зерттеу, есептеу және проектілеу, орындалатын операциялардың сипатына байланысты талаптарды орнату және қолданыс аймағындағы ұсыныс маңызды рөль атқарады.
Өнеркәсіптік роботтардың ҚҚ-сы және манипуляторлар (М) объектті қарпып және оны белгілі бір позицида ұстап тұру үшін арналған.Бұл объекттер әр түрлі өлшемде, пішінде, массада және әр түрлі физикалық касиеттерге ие болғандықтан әр түрлі сипаттағы ҚҚ-сын қолдануды талап етеді. Сондықтан ҚҚ-сы ӨР-тың ауыспалы элементі болып табылады. Әдеттегідей, ӨР және М әр түрлі типті ҚҚ-мен жинақталады, оларды орындалатын тапсырмаға байланысты ауыстырып тұрады. Кейде типті қарпығышқа ауыстаралатын жұмыс элементтерін орнатады (ерінше, присоска және т.б.). Керек жағдайда ӨР-ды арнайы операцияларды орындайтын арнайы ҚҚ-мен жабдықтайды.
ҚҚ-на жалпы сипаттағы және арнайы жұмыстарды орындайтын талаптар койылады. Маңызды талаптардың қатарына қарпығыштың сенімділігі және объектті ұстап қалулығы, оның бұзылуына немесе зақымдалуын болдырмаулылығы жатады. Кіші өлшемді және үлкен шамадағы объекттермен жұмыс істеу кезінде ҚҚ-ның беріктігіне жоғары талаптар қойылады. ҚҚ-ның ӨР-қа бекітілуіне үлкен назар аударылады.
Бір уақытта әр түрлі өлшемдегі және массадағы детальдарды өңдеу кезінде ӨР-ды кең диапазонды ҚҚ-мен жабдықтау немесе автоматты түрде ауысуы қызмет көрсету кезінде жалғыз шешім болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет