Жібек жолының Қазақстанға тигізген әсері Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда оның Қазақстан жері үшін аса маңызды болғанын есте ұстау керек. Өйткені қалыптасқан таптауырын бойынша еуразялық Дала аймағы «варвар» көшпелілерден басқа мәдени үрдістерді басынан өткізбеген. Бірақ шын мәнісінде бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Тарихшылар оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпелілер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық-саяси қауымға бірлескен тайпалар еді дейді. «Отырықшылар (жатақтар) мен көшпелілердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқауы – күретамыры болды.

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-ІІІ ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандардағы қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен қабірлерінің табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінген аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдар да куә бола алады.