Орындаған: Жуматова Д.,Токпаева Н


Пифагордың мектебіне тоқталайық



бет2/4
Дата09.10.2022
өлшемі12,7 Mb.
#42061
1   2   3   4
Байланысты:
пифагор

Пифагордың мектебіне тоқталайық...
    • Мектептің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Бұл мектептің негізін салушы Пифагор Самосский (б. з. б. 570 - 500 ж. ш.). Ол Самос аралында туған, кейін оңтүстік Италиядағы Кротон қаласына көшкен, Фалестің шәкірті. Әкесі жан – жаққа сапарға шыққанда қасынан тастамай алып жүреді екен. Соның ықпалынан баланың бойында дүниені танып – білуге деген құштарлық ерте оянады. Пифагор – оның лақап аты «сиқырлы сөз иесі» деген мағынаны білдіреді, қандай пікір айтса да, иландырып, сөзіне ұйытып, үйіріп әкететін шешендігі үшін замандастары солай атаған. Білімге сусаған талапты жас философ, әрі ақын Ферекидтен тәлім алады, ол қайтыс болған соң Самосқа келіп, Гермодаманттан дәріс тыңдайды. Ғылымның тұңғиығына біржола ден қойған Пифагор Мысырға сапар шегеді.
    • Мысырдың ғұлама абыздарымен еркін араласып, ғылым сырын терең меңгеруді мақсат етті. Небір сиқыршы, көріпкел даналармен тізе түйістіре жүріп, олардың өнерін үйренеді. Жер астындағы қасиетті үңгірлерге кіреді, әулиелер туралы ғажайып құпияларға қанығады. Білімі кемелденіп, 22 жылдан соң отанына оралады. Самосқа келіп, Поликраттың жүргізіп отырған жүгенсіз үстемдігін көреді де, түніліп, Италияның Кротон қаласына ірге тебеді.
    • Пифагор бірінші рет ел алдына шығып, дәріс оқығанда өзіне 2000 шәкірт жинайды, олар үйлеріне қайтпай ұстаздың қасында қалып қояды. Сөйтіп, Пифагор мектебі құрылады. Сол мектепте Пифагор жергілікті тұрғындарға арнап заң жүйесін түзіп, өзінің шәкірттерімен бірге мемлекет ісін жүргізеді. Дана билігі үшін Пифагор зор даңққа бөленіп, шағын шаһардың (Кротон) «әділет патшалығы» аталады. 

Пифагор математиканы дербес төрт салаға бөледі. Оларды грек тілінде «математа» деп атайды. Осыдан математика деген термин қалыптасты. Ол төрт сала: сан туралы ғылым (арифметика), фигуралар туралы ғылым (геометрия), аспан жөніндегі ғылым (астрономия) және музыка теориясы (гармония). Пифагор және пифагоршылар геометрияны тек қана практикалық қажеттіліктен туған есептерді шешу әдістерін баяндайтын практикалық геометриядан бүтіндей бөліп қарап, оны үшбұрыш, төртбұрыш, көпжақтар сияқты абстракциялық (дерексіз) фигуралардың қасиеттерін жан – жақты да жүйелі түрде зерттейтін ғылым дәрежесіне көтереді.
Пифагоршылар стереометрия жөнінде де елеулі табыстарға жеткен. Олар төрт дұрыс көпжақтарды, яғни куб(6 жағы, 8 төбесі, 12 қыры бар), тетраэдр(4 жағы, 4 төбесі, 6 қыры бар), додекаэдр(12жағы, 20 төбесі, 30 қыры бар) және октоэдрді(8 жағы, 6 төбесі, 12 қыры бар) білген. Бесінші көпжақ – икосаэдрды(20 жағы, 12 төбесі, 30 қыры бар) кейінірек математик Теэтет ашқан. 
. Додекаэдр жақтарының диагональдары «бесжұлдыз» фигурасын түзеді. Бес бұрышты жұлдыз салу ертеде жасырын ұсталған. Оны тек тұмар ретінде абыздар таратқан. Осы фигура – пифагоршылардың эмблемасы (айыру таңбасы) ретінде қабылданған. Оны есіктеріне жазған. Бұл туралы мынадай аңыз оқыдым: егер бір пифагоршы шет жерде жүріп біреуге қарыздар болып қалса, ол сол үйдің маңына бесжұлдыз таңбасын салып кетеді екен.
Пифагор және оның шәкірттерінің еңбектерінде арифметика ғылымының негізі салынды. Олардың арифметикасы тек натурал сандардың қасиеттерін қарастырады. «Дүниенің бәрі – сан мен сандар үйлесімділігі» қағидасын ұстанған пифагоршылардың ілімінде ерекше орында 1,2,3,4 сандары алған. Осы сандардың қосындысы (1+2+3+4=10) текрактис деп аталды
. Аңыз бойынша пифагоршылардың анты: «текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін,...». текрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең, сондықтан 10 саны идеалды сан болып табылады, әлемді бейнелеп көрсетеді. Пифагор мен пифагоршылар бүкіл дүние он түрлі қарама – қарсы жұптардан тұрады деген. Олар: 1) шектілік пен шексіздік; 2) тақ пен жұп; 3) жалғыздық пен көптік; 4) оң мен сол; 5) ер мен әйел; 6) тыныштық пен қозғалыс; 7) түзу мен қисық; 8) жарық пен түнек; 9) жақсы мен жаман; 10) шаршы мен көпқырлылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет