Орындаған К. К. Намазбаева Тілдер заңына жауапты тұлға



Дата03.12.2023
өлшемі13,81 Kb.
#133327
Байланысты:
Тіл тұғыры Нығыманов ЖОББМ


Нығманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2022 – 2023 жылдары « Тіл тұғырым» облыстық жобасы аясында атқарылған шаралар есебі


Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.


Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді. Мектебімізде тілге байланысты өткізілетін іс-шараларға тіл мамандары да белсене ат салысады.
« Тіл тұғырым » қазақ тілін үйренушілерге арналған жоба аясында келесідей іс шаралар өткізілді.
2022 жылдың 12 қарашасында мектебімізде М.Әуезовтың 125 жылдығына орай « Абай жолын» қазақша оқимыз он күндігі ашылып , аталып өтті.Мектеп ұжымы мен жоғары сынып оқушылары « Абай жолы» роман – эпопеясының жазылуы мен мазмұны шолу жасады.Он күннің ішінде жоғары сынып оқушыларына бөлімдер оқу беріліп , сол бөілім бойынша сахналық көрніс қойды.Кітапханада « Абай жолы» кім көп оқыды ? » атты қызықты сұрақтардан сайыстар ұйымдастырылса, әр сыныпта « Абай жолы» роман – эпопеясының әлемдегі орны туралы сынып сағаттары өткізілді.
Мектебіміздің 9- сынып оқушысы Исламгалиева Аружан ,ұлты татар Республикалық « Тіл мемлекеттік тәуелсіздігінің символы» олимпидасына қатысып , ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Жетекшісі А.Т.Адуова.
Мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығының тәрбиесілері «Наурыз жыры жырлаймыз » атты өлеңдерден мәнерлеп оқу ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді.

Мектебімізде басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың баға жетпес мұрасы тіл екенін сезіндіру үшін, Тіл заңының орындалуына ерекше көңіл бөлінеді.


Орындаған К.К.Намазбаева Тілдер заңына жауапты тұлға


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет