Мафия бала: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Мұғалім:Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады.
Газиз:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар.