2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы) Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:
географиялық қамтылу аймағына қарай;
өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
басқарылуына байланысты.
Жергілікті желінің түрлері Бір орталықтан басқарылатын желіні
“Клиент-сервер” желісі деп те айтады:
Клиент- өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын обьект (компьютер немесе программа).
Сервер-басқаға қызмет көрсететін обьект.
Бір деңгейлі компьютерлер желісі (бір рангылы)- мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады
Сервер- ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы керек.
Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
Жергілікті желілер бір сервер арқылы басқарылады
Интернет Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желіліер бар, бірақ солардың ең танымалдысы – Интернет желісі. Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Алғашқыда интернетті құру мақсаты - әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады. 1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді. 1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.