Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Картографиялық проекциянын жалпы керегі, және проекцияларды ажыратуы
«Картография » пәні бойынша
Nо2 СӨЖ
Орындаған: Лесбек Ұ.Н.(2к.)
Тексерген: Асен Н.Қ.
Алматы, 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ_________________________________________________3
КАРТОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ________________________4
1.1.Картографиялық проекциялар_________________________4
1.2.Картографиялық проекциялар түрлері__________________5
2. КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯНЫҢ ЖАСАЛУЫ__________________________________________________7
2.1.Картографиялық проекцияларды ажырату_____________________________________________________7
2.2.Проекциялардың жалпы қолданылуы мен керегі_________8
ҚОРЫТЫНДЫ____________________________________________9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР________________________10
КІРІСПЕ
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.
Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді.
Географиялық картаның даму тарихын білу картографияның ерекше бөлігінің қалыптасуына, яғни,картография тарихының қалыптасуына алып келді.Білімнің басқа да салалары сияқты картография тарихы да өзінің өткендегі ерекше деректерін пайдалануды қажет етеді. Картография тарихына тарих кезеңдерінде жасалған картографиялық еңбектер, т.б. жазба деректер мысал бола алады.
3
КАРТОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1.Картографиялық проекциялар
Картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін проекциялар.
Картографияның жетістіктері карталарда, атластар мен глобустарда материалданган.Әрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы маман танымжорықтың жетекшілері, оқушылар біліммен маңызды ақпарат көзі ретінде колданады.
Картаны құрушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол аумакта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап алам көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды.Оның аңызды құрамды бөліктеріне картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография, картометрия жатады.
Картаны жобалау және құру, картаны безендіру,картаны пайдалану әдістемесі кіреді.Картатану географиялық карта элементтері, даму тарихы, пайдалану әдістемелерін зерттейді.
Математикалык картография - жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін жазықтықта (Картада) кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді.
Картографиялык акпараттану картаны жүйелеу және оларды талдау,бағалау, сақтау, тарату мәселелерін қарастырады. Картометрия картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатынын мазмұнын айқындайтын (ауданы, көлемі, биіктігі, ұзындығы, бұрышы) елшеу жұмыстарын жүргізу әдістерін жасап шығады.
Картаны безендіру- картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап Зерттейтін нысанд жатады.[1] оны басып шығаруға даярлауды оқытып үйретеді. жагынан картографияның ерекше саласына топография жатады.
Картографиялық проекция картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (біздің заманымыздан бұрын 6 – I ғасыр) жасалды. Ең көне Картографиялық проекция – жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция біздің заманымыздан бұрын III ғасырда Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. XVI ғасырында Г.Меркатордың, XVII – XVIII ғасырларда Р.Бонның, Ж.Лагранждың XIX ғасырда К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде дамыды.
4
1.2.Картографиялық проекциялар түрлері
Сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты проекцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проекцияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картографиялық проекция теңіз қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, тағы басқа ғылыми салаларда да пайдаланылады.
Тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік Картографиялық проекция – топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өңдеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар – параллельдері концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орналасқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де қолданылады.
сурет.Картографиялық проекцияның түрлері
Параллельдері концентрлік шеңберлер, меридиандары параллельдердің радиустары болып келетін Картографиялық проекция Оларда меридиандардың арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық проекциялардың жеке түріне перспективтік проекциялар жатады. Жалған конустық проекциялар – параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен, қалған меридиандары қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар. Жалған цилиндрлік проекциялар – параллельдері параллель түзу сызықтармен, орта меридианы осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары қисық сызықтармен кескінделетін проекциялар.
5
Жартылай конустық проекциялар – параллельдері
орта меридианды кескіндейтін түзу сызық бойындағы шеңберлермен бейнеленетін проекциялар.
Карта бойынша бағдар жасау деген сөз ондағы берілген географиялық объектілерді танып-білу, ең бастысы бағыт-бағдарды ажырату. Орман ішінде, тауда, құмды шөлде немесе айнала нашар көрінетін жағдайда карта бойынша бағдар жасау өте қиынға түседі. Мұндай жағдайларда картаға қосымша түсбағар (компас) пайдаланылады. Түсбағар көмегімен азимут бойынша бағыт анықталады. Ол үшін түсбағардың бағыттаушы үшын жүретін жол бағыты бойымен қою керек, сонда магнит тілінің солтүстік ұшы мен керек зат арасындағы сағат тілімен бағыттас бұрыш өлшемі нағыз азимут, ал табиғатта түсбағар көмегімен магниттік азимут анықталады. Бірақ Жердің магниттік және нағыз (географиялық) полюстері сәйкес келмейтіндіктен, олардың арасында магниттік бұрылу бұрыштары пайда болады. Егер магнит тілінің солтүстік ұшы географиялық полюстен шығысқа қарай бұрылса — дұрыс шығыстық бұрылу, ал батысқа қарай бұрылса — теріс батыстық бұрылу деп аталады.
Магниттік бұрылу Жер шарының барлық бөліктерінде бірдей емес. Нағыз азимуттан магниттік азимутқа өту кезінде есепке алынатын магниттік бұрылу ірі масштабты карталардың әрбір табағы бетінде сызық масштабпен қатар санмен де көрсетіледі. Егер бұрылу шығыстық болса, онда берілген санды нағыз азимуттан алып тастау керек, ал батыстық болса, онда бұрылу көрсеткішін нағыз азимутка қосу керек. Магнит тілінің географиялық полюстерден ауытқу заңдылығын XI ғасырда қытай ғалымы Шэнь Гуа анықтаған.
Цилиндрлік проекциялар - параллельдер (альмукантараттар) параллель түзулер болып, ал меридиандар (вертикальдар) параллельдерге (альмукантараттар) перпендикуляр тең қашықтықтағы түзулер болып бейнеленетін картографиялық проекциялар. Нүктелердегі масштабтар мен бұрыштардың бұрмаланулары тек қана ендікке (зениттік кашықтыққа) байланысты, сондықтан олардың изоколдары параллельдермен сәйкес келетін түзулер түрінде болады. Цилиндрлік проекциялар, әдетте, үлкен шеңбер доғасын бойлай созылған аумақтардың карталары үшін қолданылады.
Конустық проекциясы. Ол сфералық беттің нүктелерін конус бетіне проекциялаумен сипатталады, оның шыңы полюстерден өтетін осьте орналасқан және сфераға жанасатын немесе секансты болады. Конус - бұл жазықтықта ашылатын, бұрыштық сектор құратын және оған проекцияланған сызықтарды деформацияламайтын бет.
Бұл проекцияны ойлап тапқан математик Иоганн Генрих Ламберт (1728 - 1777) өзінің кітабында бірінші рет пайда болды Фрай перспективасы (1759), онда ол әртүрлі теориялар мен проекциялар туралы ой-пікірлер құрастырады.
6
2. КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯНЫҢ ЖАСАЛУЫ
2.1.Картографиялық проекцияларды ажырату
Карта жасау үшін Жер эллипсоидының бетінне оның бір бөлігін жазықтықта сәйкестендіреміз.Картографилық проекция белгілі бір масштабпен жасалады. Жер эллипсоидын Маштаб (мыс, 10 000 000) есе кішірейтсе, оның геометриялық моделі - глобус шығады, ал оны өз мөлшерімен қағаз бетіне көшірсе, онда осы эллипсоид бетінің картасына айналады. 1:М (1: 10 000 000) шамасы не жалпы масштабы болып табылады.
Картографиялык проекцияның кез келген нүктесінің мөлшерін дербес масштаб береді, бұл өлшем Жер эллипсоидындағы шексіз аз кесінді жазықтықтағы кескінінің қатынасына кері шама Картографиялық проекцияның қасиеттерін талдаганда басма таблы (1:М еске алмаса да оның сандық мәні Картографиялык проекциялардагы нүктелердің координаталарын есептегенде ғана ескеріледі.Сондыктан кескіннің бұрмалану теориясында көбінесе М= 1 деп саналады.
Ұсак масштабты карталарда жер бедері қат-қабат бояулар және горизонтальдар көмегімен кескінделеді. Әрбір горизонталь сызығы белгілі бір биіктік сатыларын шектейді. Олар анық әрі көрнекі болу үшін горизонталь аралықтары әртүрлі реңді бояулармен боялады. Бірдей түспен берілгеніне қарамастан, горизонталь сызығының төменгі және жоғарғы бөліктеріндегі биіктік бірдей емес. Биіктік бірте-бірте арта береді. Горизонтальдар арасын толтырып тұрған түсті бояулардың сандық мәні биіктік шкаласында көрсетіледі. Жер бедері дәл кескінделген оқу карталарын гипсометриялық карта деп те атайды. Мұндай карталарда ойпаттар мен ойыстар ашық жасыл түстен қою жасыл түске дейінгі бояумен; қырат, үстірт, таулы үстірт, таулы қыраттар мен биік тау жоталары сары, ашық қоңыр және қою қоңыр түске дейінгі бояулармен кескінделеді.
Өте қарқынды дамып отырған компьютерлік техника география ғылымының көптеген салалары мен маңызды мәселелерін қамтуда. Осындай маңызды өзгерістер картография ғылымына тікелей қатысты, ол электрондық карталардың жасалуынан айқын көрінеді. Компьютерлік жүйелердің біртіндеп күрделенуі XX ғасырдың 60-жылдары геоинформатика ғылымының пайда болып, жедел дамуына негіз болды. Аса жоғары интеллектілік компьютерлік жүйелер мен мультимедиалық технологияның шығуы табиғаттағы әлі де нақты жауабы табылмаған көптеген құпиялардың сырын ашуға мүмкіндік беретіндігіне дау жоқ. Әсіресе бұл технология климат пен ауа райындағы өзгерістердің (циклондар мен ауа массаларының қозғалысы және т.б.), жер қыртысы мен оның ете терең қойнауларындағы түрліше қозғалыстардың туындауының себептерін түсінуге жағдай жасайды. Сонымен қатар табиғатта болып тұратын түрліше апатты құбылыстарды тұрақты бақылауға алуға, түрлі болжамдар жасауға толық мүмкіндік береді.
7
2.2.Проекциялардың жалпы қолданылуы мен керегі
Проекциялар жасаудың көптеген әдістері бар. Кеңінен қолданылатын тағы бір критерий - бұл жазықтық фигурасына сәйкес жіктеу, мысалы жазықтық, цилиндр немесе конус болуы мүмкін.
Меркатор проекциясы
Бұл әлем карталарын ұсынуға арналған ең көп қолданылатын проекциялардың бірі. Оны 1569 жылы Жерарус Меркатор (1512-1594) деп те аталатын географ Жерар Кремер ойлап тапты.
Бұл сәйкес келетін цилиндрлік проекция, яғни бұрыштарды құрметтейді, сондықтан оны матростар жоғары бағалайтын проекция. Алайда ол аудандарды сақтамайды, өйткені проекцияның бұл түрі экваторлық аймақтарға сәйкес келеді. Осы ендіктердің сыртында аймақтар бұрынғыдан әлдеқайда үлкен көрінеді.Осы кемшіліктерге қарамастан, бұл интернеттегі ең танымал карта қосымшаларында қолданылатын проекция.
Ламберттің конустық проекциясы
Бұл проекцияны швейцариялық математик Иоганн Ламберт (1728-1777) құрды, ол сонымен қатар π санының иррационалды екенін көрсетті. Бұл проекция қашықтықты өте жақсы сақтайды және орта ендік аймақтарын бейнелеуге өте ыңғайлы, бірақ деформацияға байланысты экваторлық ендіктерге сәйкес келмейді.
Гуд проекциясы.Бұл алдыңғы проекциялардан айырмашылығы үзік болатын проекция. Онда құрлық беті континенттердегі бұрмалануды минимизациялап, тұрақты емес және біріккен аймақтар түрінде ұсынылған. Суретте көрсетілгендей, бөлінген мұхиттық беттерде олай емес.
Алайда, Гуд проекциясы құрлықтардың пішінін, сонымен қатар аймақтарды сақтайтын артықшылығы бар, сондықтан оны экономикалық карталарда дүниежүзілік өнімнің таралуын ұсыну үшін кең қолданады.
8
Қорытынды
Картографиялық нысандар картаға географиялық орналасуына сәйкес жазылуы тиіс.Картографиялық проекциялар мамандығымызға қатысты ақпараттардың толығуымен түсіндіріледі.Бұл тақырып бойынша толықтай түсінгенім,карталарды пайдалануда картографиялық проекциялардың орыны ерекше.Олардың азимуттық,конустық және цилиндрлік проекциялар арқылы картография ұғымы толықталады.Картаны құру,жобалау және картографиялық бейне берілуі керек.Картографияның қазіргі таңда зерттейтін ең негізгі ақпараттары ғылымның теориялық негізі мен картография пәні бойынша түсінік,өндірістердің тарихы және картографиялық деректерді тану.
9
Пайдаланылған әдебиеттер
1.“Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том
2.География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.
3. В. С. Белецкого. — Донецк : Донбасс, 2004.
4. Лайкин В.И., Упоров Г.А. Геоинформатика.-М.: АГПГУ баспасы,
2010. – 44 б.
5. Гусаров В.М. Статистика: Учеб. пособие для вузов. - М.: ЮНИТИДАНА, 2003. - 463 с.
СІЛТЕМЕЛЕР
1. https://cyberpedia.su/12xcfc7.html
2. https://docviewer.yandex.kz/view/0/?page=10&*=k9mz90YG4QXiXGIR
vZLBEV
3. https://www.webkursovik.ru/kartgotrab.asp?id=-134836
4. http://www.gistechnik.ru/book/geokniga-laykin-vi-uporov-ga
5. https://foxford.ru/wiki/geografiya/methodi-geographicheskikhissledovani
6.https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24152/?ysclid=ldwf734xgd485292293.
10
Достарыңызбен бөлісу: |