Орындаған: Мантай Алмас Тұлғаның этникалық әлеуметтенуінің ерекшеліктері. Жоспар



бет3/3
Дата30.04.2022
өлшемі22,68 Kb.
#32976
1   2   3
Қазақ халқының, Қазақстан халқының ментальдылығын дамытудың заманауи аспектілері.

Қазіргі қазақстандықтардың ділінің ары қарайғы толысып-жетілуі мына өзгермелі дүниеде мемлекетіміздің өз таңдауын жасағандығы түйсіне пайымдаумен сабақтас.

Бұл – қазақстандық эволюциялық жол. Ол келесі міндеттерді орындауға бағытталған:

- тәуелсіздігімізді нығайта түсу және одан ары дамыту, еліміздің жаһандық әлем қауымдастығына терезесі тең деңгейде кірігуі;

- қоғамның зияткерлік әлеуетін барынша дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігін сақтау;

- шиеленіскен әлеуметтік, этносаралық, конфессияаралық қайшылықтарды шешу;

осы мәселелерді шешу жолында барша қазақстандық әлеуметтің жұмылуы мен өзара жауапкершілігін сезінуін қамсыздандыру;

-қоғамды аман-сау сақтау;

Қазақстанның барша халқының рухани-адамгершілік түлеу

Тәуелсіздік барша Қазақстан халқының демократиялық үдерісі мен мәдениетінде жетекші рөлге ие. Қазақстан тәуелсіздігі адамдар үшін келесі мүмкіндіктерді берді :

1) еркіндік пен дербестікке жол ашылды;

2) рухани барабарлық пен ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздіктің көкжиегін кеңейтті;

3) азаматтық теңдік пен ұлттық бірлік үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтті.

Біздің келешегіміз – өмір ағынымен жүруге ұмтылыс емес, өз бет-бағдарымызды алдын-ала айқындап, әрекет етуде. Алдын алудағы еріктілік және еріктіліктегі алдын алу әрекеті қазақстандықтардың ойлау мәдениеті мен діліне хас тәуелсіздіктің табиғаты мен міндеттерін айқын пайымдау ерекшелігінен аңғарылады.

Барша қазақстандықтардың бойында тәуелсіздік сезімін қалыптастыру – қазіргі Қазақстандағы ұлттық саясаттың, ұлттық идеяның, ұлттық идеологияның дүниетанымдық бағдары.

Осы орайда тәуелсіздікті дамытудың келесі нәтижелерге алып келетіндігін білу маңызды:

- өзгерістер тек экономика, саясат, әлеуметтік қарым-қатынастар аясын ғана қамтымайды, ең алдымен, адамдардың санасы, қарым-қатынас мәдениеті өзгеріске ұшырамақ;



- әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген қызығушылық күшейіп, адам қабілеттерінің құдіреті пайымдалады, олар қоғам өмірінің барша салаларында тұлға іс-әрекетінің табысты болуымен барабар мәнге ие болады;

- позитив пен озықтыққа деген ұдайы ұмтылыс, негатив пен кемшіндікке жол бермеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет