Орындаған: Мырзабаева Нұргүл Тексерген: Сарсенбаев Ақылбек



бет2/2
Дата20.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#44444
1   2
Дұрыс

Бұрыс

Аристотель дұрыс мемлекеттерге монархияны, аристократияны жəне политияны (республика) жатқызды. Оларды салыстырмалы түрде бағалай отырып, ол ең дұрыс мемлекеттік құрылым осы үш элемент үйлесім тапқанда ғана жүзеге асады деп қорытынды жасаған. Шектен шыққан жағдайда дұрыс мемлекет бұрыс мемлекетке, яғни монархия – тиранияға, қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, аристократия – олигархияға, полития –демократияға айналады. Өзі атаған 3 дұрыс мемлекеттің ішінен Аристотель политияны ең дұрысы деп санады. Бұл форма – басқа түрлердің тек жақсы жақтарын алған жəне екі шектің ортасында тұр.

Бұрыс мемлекеттерде билік халық үшін емес өзі үшін өмір сүреді. Билікті өзі үшін ғана пайдаланған монарх тиранға айналады. Бір топ бай адам билікті қолдарына алып, оны өзге азаматтар есебінен өз байлығын көбейту үшін пайдаланған аристократия олигархияға айналады. Сондай-ақ, билікті ешкімге бағынбайтын тобыр (охлос) басып алатын жағдайлар да болады. Тирания – мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі, ол қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, керісінше оларға қарсы жұмыс істейді. Олигархия –аристократиядан туған жаңа форма, бай адамдардан құралған азшылық көпшілікті билейді. Демократия –кедейлерден тұратын көпшіліктің билігі. Аристотельдің ойынша, теңдіктің болмауы мемлекет ішіндегі көтерілістердің, толқулардың негізгі себебі.

Қорытынды
Мемлекеттің дұрыс жəне бұрыс түрлері - ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің "Саясат" еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның "Мінсіз мемлекет" ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің "шексіз жақсы" үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, əйел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс жəне бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай (біреу ме, бернешеу ме, əлде, көпшілік пе) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: 1) монархия (бір адамның билігі); 2) аристократия (азшылықтың билігі); 3) полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон "мінсіз мемлекетті" іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, "ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға" келісті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Аристотель «Политика. Афинская полития». Москва. Мысль. 1997.

  • 2. Матяш Т.П, Матяш Д. В., Несмеянов Е. Е. «Актуальны ли мысли Аристотеля о «хорошем» обществе?»//Гуманитарные и социально-экономические науки № 3, 2012.
    3. https://www.google.com


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет