Гликопротеидтер дәнекер тініндегі клеткааралық заттардың
құрамында, қан плазмасында, сілекейде және цитозольда,
мембраналардың құрамында көп мөлшерде кездеседі.
Гликопротеидтердің рөлі сан алуан. Олар гидрофобты заттар
мен металл иондарын тасымалдайды; мембрана
рецепторларының құрамына кіре отырып, арнайы жанасуды
қамтамасыз етеді. Тіндердің жіктелуіне әсерін тигізіп,
иммунологиялық реакцияларда маңызы өте зор. Сонымен қатар
кілегейлі, шырышты қабаттың құрамына кіре отырып, қорғаныс
қызметін атқарады.
Гликопротеидтер құрамындағы
көмірсулардың және белоктардың
мөлшеріне және сапасына қарай нағыз
гликопротеидтер
және
протеогликандар
деп бөлінеді.
Гликопротеидтердің мұндай жіктелуі
белокты бөлігінің арақатынасына,
простетикалық топ және оның
құрылысына негізделіп жасалған.
Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне
:
муциндер; иммуноглобулиндер; қанның тобын
анықтайтын белоктар; гормондар;
тасымалдаушы белоктар жатады.
Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері
шамамен 80%, ал простетикалық топ – шамамен
20%. Простетикалық тобының құрамында түрлі
полисахаридтер және олардың амин
туындылары, нейраминдер, белгілі бір жүйелілік
байқалмайды, яғни жүйесіз көмірсулардан тұрады.
Нағыз гликопротеидтер ағзада кең таралып,
алуан түрлі қызметтер атқарады
Буындарда майлар ретінде өте маңызды қызмет
атқарады. Ауыз қуысы, тыныс тану жолы, тағам жүретін
жолының шырышты қабығы муциндермен жабылған.
Муциндер созылмалы, жабысқақ белок.
Муциндер
- көп қантты гликопротеиндер,
мукопротеиндер деп атайды. Сілекейде, клеткааралық
сұйықтықтарда, ішекте, шеміршекте, бронхта, сүйекте,
теріде болады.
|