Мектеп паспорты: Білім беру мекемесінің толық аталуы: « О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Мектеп атауының тарихы: О.Бапышев мектебінің іргесі ең алғаш 1924 жылы «Ақ мектеп» болып қабырғасы қаланды. Ал 1926 жылы колхоздар құрылып, мектеп өз жұмысын бастады. Мектептің алғашқы ұстаздары әкесімен баласы Сабировтар болды. Мектеп ең алғаш ашылған уақытта, мектепте бар жоғы 45 оқушы болды. 1945 жылғы Ұлы Отан соғысынан соң, 7 жылдық Я.М.Свердлов атындағы мектеп болып ауысып, оқушылар саны арта бастады. Сол жылдары мектепті Қанат Құрманалиев басқарды. 1960 жылдары оқушы саны тағыда артып, 8 жылдық орыс-қазақ мектебіне айналды. 1960-1965 жылдары мектепті Омаров Жасұзақ басқарды. 1965-1967 жылдары мектеп биілігін Калдыбеков Өскен басқарды. 1968 жылы оқушылар санының артуына байланысты қазақ-орыс орта мектебі болып құрылды. 1969-1970 жылдары мектепті Қонысбеков Тұрсынбек басқарды. Осы жылдары мектепке жас ұстаздар қосылып, мектеп ғимараты кеңейді. 1970-1975 жылдары мектеп ғимараты кеңейіп, жаңа білікті ұстаздар келіп қосылып 45 оқушыдан басталған мектеп қабырғасында 1975 жылы 960 оқушы сапалы білім ала бастады. 1975-1989 жылдары аралығында мектепті Бейсенбаев Қашқынбай басқарды. 1989 жылы мектеп дирокторы болып Кошкинбаев Бекболат болды.1991 жылы мектеп атауы «О.Бапышев» атауына ауыстырылды. 1993 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді. 1998 жылы Калиева Парида, ал 2002 жылы Койжигитова Калдыгул директорлық қызмет атқарды. 2006 жылдан бастап қазіргі таңға дейін мектепті Аманова Мастура Көпжасарқызы басқарып келеді. Қазіргі таңда, мектепті 2500 жуық оқушы сапалы, әрі саналы түрде білім алып келеді.
Педагог мамандардың саны : 120
Оның ішінде :
Педагог – модератор : 25
Педагог – сарапшы : 45
Педагог – зерттеуші : 32
Ең жоғарғы санаттағы : 18
1 – санат : 7
2 – санат : 9
Санатсыз : 22